Яна Легкодимованың жантүршігерлік өлімі: ІІМ қылмыскерлердің әрекетін егжей-тегжейіне дейін баяндады
Фото: Бейнеден кадр
Жуырда ғана Атырау облысының соты 23 жастағы Яна Легкодимованы өлтіру ісіне нүкте қойды. Ризуан Қайыржанов пен Алтынбек Катимов өмір бойына бас бостандығынан айырылды. ІІМ қылмыскерлердің әрекетін егжей-тегжейіне дейін баяндап берді, деп хабарлайды Orda.kz.
Бүгін Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі адам шошырлық бейнеролик жариялады. Бейнеден Қайыржанов пен Катимовтың көлік ішінде Яна Легкодимованы өлтірген кадрды көруге болады.
Полицейлер қыз жоғалып кеткеннен кейін іздеу жұмыстары дереу басталғанын, күдікті ретінде екі адамның ұсталғанын атап өтті.
«Камералардағы жазбаларды қарау кезінде ақ көлік үйлердің алдына келіп тоқтағанын көрдік. Ол көлік Ризуан Қайыржановқа тиесілі болды. Кадрда қыздың салонға отырғанын көруге болады. Көлік сыртынан екінші адам есікті жауып тұрады. Ал іштегі адам қызды тұншықтырады. Осыдан кейін сырттағы жігіт көлік ішіне отырады. Кейін олар Талдыкөл ауылына қарай бет алады», — дейді тергеуші Темірхан Хажмұратов.
Тергеушілер жолдағы камералар түсірген бейнежазбалардан көліктің бағытын анықтаған. Күдіктілер екі күннен кейін ұсталды. Олардың бірі Құрманғазы ауданына кетіп үлгерген. Ал екіншісі Яна Легкодимованың іздерін жуып, тазалап, телефонындағы ақпараттарды жойған. Алайда, тергеу жойылған дәлелдерге қарамастан оқиғалар тізбегін қалпына келтірген.
«Біз бірінші болып Қайыржановты анықтадық. Оның айғақтары бойынша Катимов ұсталды. Менің тәжірибемде алғаш рет бірінші болып күдіктілер ұсталып, марқұмның денесі кейіннен табылды. Алайда күдіктінің сөздерін зерделей отырып, біз қылмыс орнын анықтадық», — деп толықтырды Атырау облысы ПД криминалдық полиция басқармасының бөлім бастығы Ерлан Құсайынов.
ІІМ қызметкерлері кейде ұсақ-түйек ақпараттардан шындық шығатынын айтады. Олар мінез-құлықты мұқият бақылайтынын, психологиялық жағдайды дұрыс бағалауға тырысатынын айтты.
«Басты күдікті тергеуді шатастыруға тырысты. Алайда бәрі айдан анық болды. Соттың санкциясынан кейін біз Қайыржанов пен Катимовтың хат алмасуын оқыдық. Хат-хабарларда олар кісі өлтіру жоспарын әбден талқылаған. Олар интернеттен тіпті Қазақстанда кісі өлтіргені үшін қанша жылға сотталатынын да іздеген. Сонымен қатар, бейнебақылау камераларындағы жазбалар қанша уақыт сақталатынына қызығушылық танытқан», — дейді тергеушілер.
Айта кетейік, Атырауда жолға таласып, төбелес шығарған жүргізушілерді арнайы жасақ ажыратып алды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық