Атырауда жолға таласып, төбелес шығарған жүргізушілерді арнайы жасақ ажыратып алды
Фото: Бейнеден кадр
17 қараша күні таңертең, шамамен сағат 10:00-де Атыраудағы Баймұханов көшесінде Hyundai мен Toyota жүргізушілері жолға таласып, жанжал шығарды, деп хабарлайды Orda.kz.
Hyundai көлігінің жүргізушісі артынан келе жатқан Toyota-ға әдейі жол бермей, тежегішті қайта-қайта басып отырған. Соның салдарынан жүргізушілер сөзге келіп, ұрыстың арты жанжалға ұласады. Сол кезде Hyundai-ды тізгіндеген 24 жастағы жігіт 38 жастағы Toyota иесінің қолын сындырып жіберген. Дәл сол сәтте оқиға орнына жеткен «Арлан» арнайы жасағы төбелескен азаматтарды ажыратып алды.
Жедел жәрдем келіп, жарақат алған жүргізушіге алғашқы медициналық көмек көрсетілді.
Атырау облыстық ПД-нің мәліметінше, екі жүргізуші де бір-біріне жол бермей, озбырлық танытып, керісіп қалған соң жанжал туған.
Тәртіп бұзушы №2 қалалық полиция бөліміне жеткізілді. Ал көлік айыптұраққа қойылды. Оған қатысты «Бұзақылық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық