Яна Легкодимованы өлтірді деген айыпталушыларға жаңа ауыр айып тағылды
Коллаж: Orda.kz
Атырауда Яна Легкодимованың өліміне қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Марқұмның сүйектері бұған дейін Жайық өзенінің жағасынан табылған. Тергеу кезінде сол жерден Янаға тиесілі киім де анықталған, деп хабарлайды Orda.kz.
Сотта Ризуан Қайыржановтың көлігін тексеру нәтиже бермегені айтылды. Тергеу дерегінше, ол келесі күні таңертең көлікті мұқият жуып, іздерді жойған. Ал екінші айыпталушы Алтынбек Катимов оқиғадан кейін ауылына кетіп қалған.
Іс материалдарын зерделегеннен кейін прокурор айыптауды күшейтті. Бұған дейін Қайыржанов ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігінің 7-тармағы («Алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған кісі өлтіру») және 188-баптың 2-бөлігінің 1-тармағы («Ұрлық») бойынша айыпталған. Катимовке де осы баптармен қатар 99-баптың 2-бөлігінің 8-тармағы («Адам жалдау арқылы кісі өлтіру») бойынша айып тағылған еді.
Енді екеуіне де жаңа, ауыр айыптар тағылды.
Жаңартылған айыптау актісінде олардың екеуі де ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігінің 7 және 8-тармақтары («Алдын ала сөз байласу және адам жалдау арқылы кісі өлтіру») және 202-баптың 2-бөлігінің 6-тармағы («Алдын ала сөз байласу арқылы бөтеннің мүлкін қасақана жою») бойынша жауапқа тартылып отыр.
Айыптау нұсқасы бойынша, қастандық жасалған күні Қайыржанов Яна Легкодимованы өз пәтеріне шақырған. Сол жерде ол Катимовпен бірге қыздан үндемеуді талап етіп, қорқытқан. Тергеушілердің айтуынша, қыз олардың талабын орындағанымен, айыпталушылар бәрібір оны өлтірген.
28 қазанда өткен сот отырысында осы жылдың 20 маусымында өзен жағасында Яна Легкодимованың сүйегін тапқан ерлі-зайыптылардан жауап алынған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық