«Бас сүйегін тапқан»: Атырауда Яна Легкодимованың ісі бойынша сот өтіп жатыр
Коллаж: Orda.kz
Атырауда Яна Легкодимованың өліміне қатысты іс бойынша сотталушылардан жауап алынды, деп хабарлайды Orda.kz.
Өткен сот отырысында Яна Легкодимова мен Ризуан Қайыржанов арасындағы хат-хабарлар зерттелген еді. Сондай-ақ, қыздың жеке күнделігі талқыланды. Бұл дәйектер іс бойынша маңызды дәлел болды. Кеше, 28 қазан күні сот сотталушылардан жауап алуға кірісті.
Екі сотталушы да куәлік беруден және сот сұрақтарына жауап беруден бас тартты.
Осыдан кейін олардың сотқа дейінгі тергеу барысында берген жауаптары айтылды. Олар тергеу барысында кінәні мойындамаған еді.
Сотта сотталушылар алдын ала сөз байласу арқылы жасаған кісі өлтіру фактісін мойындады. Бірақ жәбірленушіні жалдап өлтіру және телефонды ұрлау деген айыптарды жоққа шығарды.
Сот отырысы барысында Қайыржановтың көлігінен калий перманганаты (марганцовка) табылғаны айтылды. Судья сотталушыдан оның көлігінде неліктен тұрғанын сұрағанда, Қайыржанов «қажеттілік үшін» деп жауап берді. Олар қылмыс жасамас бұрын калий перманганатын уландыру үшін қолдануға болатынын талқылаған.
Тергеушілер қызды улап өлтірмек болды деп санайды.
Сондай-ақ, сотта осы жылдың 20 маусымында өзен жағасында кездейсоқ Яна Легкодимованың сүйегін тапқан ерлі-зайыптылардан жауап алынды. Олар қыздың тек бас сүйегін, омыртқасын және қабырғасының бір бөлігін тапқан.
Судья куәгерлерге дене қалдықтарын назардан тыс қалдырмай, полицияға хабарлағаны үшін рақмет айтты. Куәгерлер сүйек қаңқаларын тапқан кезді бейнежазбаға түсірген. Сот отырысында бейнажазба көрсетілетін кезде марқұмның анасы сот залынан уақытша шыға тұруды сұрады. Сот оның өтінішін қанағаттандырып, залдан уақытша шығуға рұқсат берді.
Бұдан басқа, прокурор бұған дейін сотталушы Алтынбек Катимовтың уақытша ұстау изоляторындағы аудиожазбасын ұсынды. Онда:
«Біз оны суға батырдық. Ризуан екеуміз 2016 жылдан бері доспыз», — деп айтқан.
Тергеушілер Алтынбек Катимов досының өтініші бойынша әрі 500 мың теңге көлемінде сыйақы алу үшін қылмыс жасады деп есептейді.
Жәбірленуші тарап айыпталушылардың іс - әрекеттерін ҚР ҚК-нің «ұйымдасқан қылмыстық топ», «қылмыс туралы хабарламау» баптары бойынша қайта саралауды сұрайды.
Айта кетейік, АҚШ-тан Алматыға есірткі тасыған ұлттық қауіпсіздік қызметкерлері анықталды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық