Испаниядағы су тасқынынан 205 адам қаза болды
Фото: BBC NEWS/AFP
Қайтыс болған 205 адамның ішінде Валенсияның 202 тұрғыны бар. Бұл табиғи апаттан зардап шеккен негізгі аумақ. Әлі де құтқарушылар жете алмаған аймақтар бар, деп хабарлайды Orda.kz.
BBC NEWS мәліметіне қарасақ, бұл Испаниядағы соңғы 50 жылдағы ең жойқын табиғи апат болып отыр.
Сегіз сағат ішінде Испанияда жылдық жауын-шашын мөлшері жауды. Су тасқыны мен лай ағыны жолдарды қиратты, ал көшелер ғимараттар мен көлік сынықтарына толған үйінділерге айналды. Ел инфрақұрылымына жүздеген миллион еуро шығын келді.
Испанияда жоғалғандарды іздеу үшін шамамен 500 әскери қызметкер қатысты.
75 мыңнан астам үй әлі де жарықсыз отыр.
The Guardian тілшісіне зардап шеккендердің бірі жағдай жайлы қысқаша жауап берген.
«Біздің қанша көмек алғанымыз маңызды емес. Қанша көмек болса да, біз үшін аз. Бізге өте көп көмек қажет», — деді Эмбэр Гонсалес.

Еске сала кетсек, бұған дейін су апатынан зардап шеккендерге қатысты Испания қара жамылып, байрағын төмен түсірген болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық