«Іске шақырғаныма өкінемін»: Шерзаттың қорғаушысы Шекеев шеттету жайлы пікірін айтты
Шерзат Полаттың ісінде Мейірман Шекеев жетекшілік еткен қорғаушылар тобының мүшелері бірінен соң бірі істен шеттетіліп жатқаны туралы заңгер Бағдат Амандосұлы хабарлаған еді. Ал Шекеев әріптесінің жұмысқа жауапкершілік танытпай, сот болып жатқанда оның қалада концертте жүргенін айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
Шекеев Бағдат Амандосұлын іске араластырғаны үшін өкінетінін мойындап, оған қоса заңгер іске жауапкершілік танытпағанын айтты.
«Оның сотқа қатысудан шектетілген себебі іс мүддесіне қайшы әрекет жасады, бірнеше рет ескерту жасалды. Жұмысқа жауапкершілік көрсете алмады. Оған қоса біз сот процесінде болғанымызда ол қалада концертте жүрді, тапсырылған жұмыстарды атқармады. Бұл айтқандарымның дәлелі бар. Сонымен қатар, Қаржаубай тікелей маған келіп, менімен келісімшартқа отырды. Бағдат Амандосұлын іске шақырған мен едім. Қазір содан опық жеп отырмын», – деді Шекеев.
Сонымен қатар, заңгер Амандосұлы «Қан хайп құралы емес» деп Шекеевтің өздеріне «журналистерге сұхбатты тек мен беремін, халықтың алдына да тек мен шығамын» деген сынды түсініксіз талаптар қойғанын айтты. Бұған қатысты Шекеевтің өз айтары бар болып шықты.
«Бағдат Амадосұлы өзі келісімшарттың мәтінін құрастырып, қол қойды. Бұл келісімшарт бойынша ол сот талқылауы толық аяқталғанға дейін қылмыстық іс бойынша БАҚ-да, әлеуметтік желілерде пікір, сұхбат, түсініктеме беруге құқылы емес деп өзі жазған. Айналып келгенде бұл норманы да өзі бұзып отыр. Біздің байқағанымыздай ол әлеуметтік желіде сотта негізгі куәгер болған екі қызға қатысты мәлімдеме жасап, солардың мүддесін қорғағандай әрекет жасады. Ал бұл Шерзаттың ісінің мүддесіне қайшы келеді»,– деді заңгер.
Сондай-ақ, мәлімдеме жасаған бейнежазбада Қаржаубай Нұрымов та әу баста тек Шекеевпен ғана келісмшарт жасағанын айтып, Бағдат Амандосұлын танымайтынын жеткізді.
«Ол кісімен ешқандай келісім жасаған емеспін. Мен тек Мейірман ағаға келдім, өтініш жасап, осы кісіге істі аманат еттім, ал іске кім қатысады Мейірман аға шешеді, біз оған сенеміз», – деп қысқа қайырды.
Еске салай кетейік, заңгер Бағдат Амадосұлы Шекеевтің атын атамаса да оған тұспалдап «қаннан хайп жасап жүр, мені әділетсіз істен шығарып жіберді» деп әлеуметтік желіде мәлімдеме жасады.
Жаңалықтар
- Ливан өлім жазасын жойған алғашқы араб елі болды
- Нұрай Серікбайдың өлімі: Прокурор күдіктіге өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын сұрады
- Иранның қастандық жасау қаупіне байланысты Трамп ұшағын ауыстыруға мәжбүр болды
- Бір серіктестіктің алты бірдей жұмысшысы құдыққа түсіп қаза тапқан: Полиция үш адамды ұстады
- Бала ауыр халде: Футбол алаңында төтенше жағдай болды
- Сирияның бұрынғы президенті Башар Асад сырттай өлім жазасына кесілді
- Алматыда күйеуін өлтірген әйел сотта ақталды
- Прокуратура талабымен: Атырау облысында полицейлерді соққыға жығып, бостандықта жүргендер сотталды
- Аичи-Нагоя-2026: Азия ойындарының медальдары таныстырылды
- Қытайлық ғарыш миссиясы сәтсіз аяқталды: Зымыран тасығыш 90 секундта жарылып кетті
- Медициналық сақтандыру қорынан 3,5 млрд теңгеден астам қаржы ұрланған
- Ақсайда түнгі клубта жаға жыртысқандар жазаланды
- «Крыша боламын» деп 30 млн теңге талап еткен ММА жаттықтырушысы ұсталды
- Парсы шығанағында тұрып қалған кемелер әлемді экологиялық апатқа ұшырата ма?
- Бесағашта мас ер адам көшеде қыздарға бейәдеп ұсыныс жасаған
- Астанада полиция қызметкері кәмпитке қақалған баланың өмірін құтқарды
- Елден жаппай ақша алып қашып жатқандар кім? ҰҚК мәлімдеме жасады
- Қазақстандықтар үй сатып алуды азайтты ма? Тұрғын үй нарығында жаңа өзгеріс байқалды
- Өз тойына келе алмаған жұптың тойы экран арқылы өтті
- Үйлену тойында пышақтап өлтірген: Ақтөбе облысындағы сұмдық жайт