«Ішіндегі іріңмен бір ай жүрген марқұм»: Полиция кінәлі дәрігерлерді ұстамады
Фото: Pexels
Марқұм әпкесінің өліміне кінәлі медицина қызметкерлерін 9 ай бойы ұстамағанына шағымданған Айтбек Ауылбаев Бас прокуратураға жүгінгенін айтты. Олар Айтбек Ауылбаевты қайтадан іске немқұрайлы қараған облыстық сотқа жібергенін айтты.
Orda.kz 2023 жылы 6 қазанда дәрігерлердің салғырттығынан және дұрыс жасамаған ота кесірінен қайтыс болған Меруерт Ауылбаеваның бауыры Айтбек Ауылбаевқа хабарласып істің мән-жайын сұрастырды.
Балқаш қаласының тұрғыны Меруерт Ауылбаеваның бауыры, құқық қорғау органдарының әрекетсіздігіне наразы болып отыр. Меруерт Ауылбаева 9 ай бұрын соқыр ішекті алып тастау отасынан кейін сепсис нәтижесінде қайтыс болды. Айтбек Ауылбаевтың айтуынша, дәрігерлердің қылмысын анықтайтын сараптамалардың бәрі бар. Тек күдікті ретінде ұстаса болды. Бірақ бұл істі қайта-қайта сараптама жасатып, созып келе жатқанына 9 айдан асыпты.
Сондай-ақ, бұл іске мүлде немқұрайлы қараған бұл органдар Айтбек Ауылбаев ҚР президентіне тікелей бейнеүндеу жасағаннан кейін әрекетке көшкенін айтады.
Айтбек Ауылбаев іс дұрыс жүргізілмей жатқанын мәлімдеп, облыстық прокуратураға жүгінгенін айтқан. Ол облыстық прокуратура бұл іске назар аудармағанын жеткізді. Әділдік сұрап ҚР бас прокуратурасына жүгінген. Олар болса «бұл істі облыс қарайды» деп, қайтадан облыстық прокуратураға жіберген.
«Бұл іске қадағалау жүргізіп жатқан Балқаш прокуратурасы 9 ай бойы тергеу ісін аяқтамады. Олар дәлелдердің болуына қарамастан, неге созып жүргені түсініксіз. Әділет министрлігі сараптама жасады. Меруерттің қазасына дәрігерлердің тікелей қатысы бар екені анықталды. Бірақ полиция керек емес экспертизаны қайта-қайта жасатып істі созып жатыр. Ал қадағалайтын прокуратура олардың бұл ісін қолдап отыр. Біздің іс бойынша құқығымыз бұзылып жатыр. Мысалы, олар экспертиза тағайындап жатса біздің білуге құқығымыз бар. Экпертизаны сұратуға, қайтаруға құқығымыз бар. Бірнеше рет осы құқығымызды бұзды. Олар бұл іске немқұрайлы қарап, әрекетсіздік танытып отыр», — деді Айтбек Ауылбаев.
Айтбек Ауылбаев кем дегенде 3 адамның үстінен іс қозғалатынын айтты. Оның айтуынша ота дер кезінде жасалмады. Күтімі дұрыс болмады. Көтеріліп тұрған температурасына қарамай, шығарып жіберді.
«Марқұм әпкем 2023 жылдың 24 және 26 шілдесінде емханаға жүгінді. Бірақ оны 27 шілдеде қабылдады. Ал соқыр ішек отасын тек бір аптадан кейін, 3 тамызда жасады. УЗИ нәтижелері оның перитонитпен ауырғанын көрсетті. Операциядан кейін 21 тамызға дейін ауруханада жатты, температурасы жоғары болғандықтан... Бірақ дәрігерлер температурасы көтеріліп тұрғанына қарамастан шығарып жіберді. Дәрігерлердің салғырттығынан ол шілдеден қазанға дейін ішідегі іріңмен жүрген», – деді Ауылбаев.
Orda.kz бұған дейін құқық қорғау органдарының әрекетсіздігі жайлы мәселені көтерді. Мысалы, жақында адвокаттар зорланған қыздың айғақтары полиция қызметкерлерінің әрекетсіздігінен жоғалып кеткенін айтқан болатын. Дәрігер қателіктері мен азамат құқықтарының бұзылуына қатысты мәселелер қоғам үшін өзекті. Құқық қорғау органдары мұндай жағдайларға міндетті түрде жауап беруі тиіс.
Жаңалықтар
- Францияда аптап ыстыққа байланысты ядролық реакторлардың жұмысы уақытша тоқтатылды
- ӘЧ-2026: Алғашқы екі аптада турнирге 3,6 миллион көрермен келіп, рекорд жаңартты
- Тоқаев әскерге шақыру, ант қабылдау және запасқа шығару рәсімдерінің жаңа тәртібін жариялады
- Екі жыл бойы алимент төлемей, 4,7 млн теңге қарыз жинаған тұрғын жазаланды
- Тарихи сәт: Мәжіліс соңғы отырысын өткізді
- Қазақстан Иран портында жерді жалға алып, мұхитқа шығуды жоспарлап отыр
- Ұлттық футбол құрамасы Талғат Байсуфиновтың орнына жаңа бас бапкер іздеп жатыр
- Гүлнәр Бажкеноваға қатысты сот екінші шілдеде басталады
- Жер телімін алып беремін деп 33 адамды алдаған маман сотталды
- ҚР СІМ: Қазақстандықтарға шенген визасын алу жеңілдейді
- Астанада Ұлттық ұлан сарбазы Ербаян Мұхтардың денесі жер қойнына тапсырылды
- Қазақстандықтар енді БАӘ-де жүргізуші куәлігін оңай айырбастай алады
- Тоқаев Венесуэладағы жойқын жер сілкінісіне қатысты көңіл айту жеделхатын жолдады
- ӘЧ-2026: Түркия АҚШ-ты жеңді, бірақ плей-оффқа шыға алмайды
- Шымкентте ірі өрт: ТЖМ құтқарушылары тілсіз жауды ауыздықтады
- Венесуэлада болған жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 200-ден асты
- Қазақстан СІМ Таяу Шығысқа сапарлардан бас тартуға кеңес берді
- Футболдағы дау: Футболшы мен төреші матчтардан шеттетіліп, клубқа 400 АЕК айыппұл салынды
- Алматы – Қорғас тасжолындағы жантүршігерлік жол апаты: Тағы бір адам жан тапсырды
- Алматыда жер астынан шыққан өрт жұрттың зәресін алды: Полиция себебін айтты