«Ішіндегі іріңмен 1 ай жүрген марқұм»: Қарағандыдағы тергеу ісі неге ұзаққа созылды?
Коллаж Orda.kz
Orda.kz бұған дейін дәрігерлердің салғырттығы мен құқық қорғау органдарының әрекетсіздігі жайлы жазған болатын. Редакциямызға хабарласқан Айтбек Аулбаев марқұм әпкесі Меруерт Аулбаеваның дәрігерлердің салғырттығынан қаза болғанын айтқан еді. Сол істі Қарағанды облыстық прокуратурасының тергеу басқармасы істі қолына алды. Алайда Айтбек Аулбаевтың сөзінше іс әлі созылып жатыр.
Ұзаққа созылған іс
Меруерт Аулбаеваның қайтыс болғанына жыл өтсе де, қылмыстық іс әлі күнге дейін шешімін тапқан жоқ. Бұл жайлы Orda.kz тілшісіне әділдік іздеп жүрген ағасы хабарлады.
Меруерт Аулбаева 9 ай бұрын соқыр ішекті алып тастау отасынан кейін сепсис болып, дәрігерлер дұрыс қарамағаннан қайтыс болды. Айтбек Аулбаевтың айтуынша, дәрігерлердің қылмысын анықтайтын сараптамалардың бәрі бар. Тек құқық қорғау органдары күдікті ретінде ұстамай отыр. Бірақ бұл істі қайта-қайта сараптама жасатып, созып келе жатқанына 9 айдан асты.
«Әпкем Миканың қазасынан бері өткен екі ай көзге көрінбей, әбігермен өте шықты. Біз оның жылдығын өткіздік, бірақ осы уақыт ішінде тергеу ісінде ешқандай ілгерілеу болған жоқ. Қылмыстық іс сол күйі созылып, жүйесіз жалғасып жатыр», — деді ол.
Ағасының айтуынша, соңғы айларда жаңа дәлелдер жиналып, тергеу органдарына ұсынылған, бірақ бұл істі аяқтауға жеткіліксіз болған. Сондай-ақ, ол Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаевпен кездесіп, іс жылжиды деген уәде алғанын атап өтті.
«Мен Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Қожаев Марат Шадетханұлының қабылдауында болдым. Бәріміз де полицейлердің өтірік айта салатынын, қоғамдағы оларға деген сенімнің төмен екенін жақсы білеміз. Бірақ олар тек азаматтарға ғана емес, өз басшыларына да өтірік айтады екен. Карағанды облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Рашад Утеуов өз басшылығына қыркүйектің соңына дейін тергеу аяқталады деп баяндаған болатын. Бүгін қыркүйектің соңғы күні, бірақ іс сотқа жеткен жоқ, себебі тергеу әлі де созылып жатыр»,— дейді Меруерттің бауыры.
Марқұмның отбасының ыза болған тағы бір себебі — жалған уәделерді тек тергеушілер емес, прокурорлар да беріп отыр.
«Маған Қарағанды облысының прокуроры Мырзакеров те қыркүйектің соңына дейін тергеу аяқталады деп уәде берген болатын. Мұндай уәделерді бәріне бересіздер ме, әлде тек маған ғана ма?» — деді Айтбек Аулбаев.
Марқұмның туыстары тергеу ісінің дұрыс жүргізілуін талап етеді.
«Отбасымыздың адвокатына ескерту жасап, оның тек ақша үшін жұмыс істейтінін айтқандары не этикаға, не адамгершілікке сыймайды. Егер сіздер шынымен адал қызметкер болсаңыздар, істі аяқтаңыздар» — деп сөзін түйіндеді Айтбек.
Қазіргі таңда марқұмның отбасы әділдікке қол жеткізу үшін күресті жалғастырып жатыр. Істің ақыры сотқа жететініне үміт артып отыр. Марқұмның бауыры көзі зағип болса да, осы істі өз қолына алып құзырлы органдардан әділдік талап етіп жүр.
Бұған дейін...
Еске сала кетсек, Қарағанды облысы Балқаш қаласының тұрғыны Меруерт Аулбаеваның бауыры, құқық қорғау органдарының әрекетсіздігіне наразы болып әлеуметтік желілерде жазбаларын қалдырған болатын.
Ол облыстық полиция департаменті мен прокуратура тергеу барысын талқылағанын хабарлады. Балқаштағы полиция бөлімшесі өзінің жұмысының тиімсіздігін айтты. Өйткені бірнеше рет бірдей сараптамалар тағайындалды және жәбірленушілердің құқықтары бұзылды. Мысалы, шілде айында үш бірдей сараптама тағайындалды. Бұл көптеген шағым мен істің тұралауына себеп болды.
«Қарастырамыз...»
Бұған дейін Қарағанды облыстық прокуратурада кездесу өткен еді. Прокурор істі облыстың деңгейіне көтерілетінін мәлімдеді. Бұл жайлы Айтбек Аулбаев өзінің instagram парақшасырда былай деді:
«Облыстық прокуратураның жәбірленуші құқықтарының бұзылуына мұншалықты тыныш қарауы мені таң қалдырады. Мен прокурордан бұл мәселені тікелей өзім сұрадым. Ол «Қарастырамыз» деп жауап берді. Жақсы, арты қалай болар екен... Қашалықты оғаш естілсе де айтайын. Қазіргі уақытта 9 ай бойы «қарастырып жатыр ғой», — деді марқұмның бауыры.
Экспертиза бар, тергеу ісі созылып жатыр. Марқұмның бауыры «қарастырамыз» дегендері тек сөз жүзінде қала ма деп алаңдап отыр.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолданған Айтбек Ауылбаевтың өтініші Президент әкімшілігінен Бас прокуратураға, содан кейін қателесіп Ұлытау облысының прокуратурасына жіберілді. Ал Балқаш қаласы болса, Қарағанды облысына жатады.
Orda.kz редакциясы осы мәселені өз назарында ұстайды.
Жаңалықтар
- Алматының әл-Фараби даңғылында көлік жарысы тоқтар емес
- Украина Ресейдің мұнай инфрақұрылымына ауқымды соққы жасады
- Сот Қашаған операторларының ірі көлемдегі айыппұлға қатысты апелляциясын қанағаттандырмады
- Иран Ормуз бұғазының қайта жабылғанын мәлімдеді
- Шымкентте ЖОО-ның 320 миллионын жымқырған сегіз адам сотталды
- Алаяқтар қасиетті сапарға да қол сұғып, 17 қажының ақшасын қалтаға басқан
- «Әскер барысы – 2026» турнирінің жеңімпазы анықталды
- Жолда қарсы келе жатқан екі жүк көлігінің арасынан саспай өткен ақтөбелік ғаламтор жұлдызына айналды
- Дропперлер қылмыстық жауапкершілікке тартылады
- Қазақстанда энергетикалық қауіпсіздік күшейтіліп, кемінде үш АЭС салынады
- Баян Алагөзова: «Қыз Жібектің» қамзолы 50 жыл ешкімге керек болмады
- Тоқаев Анталиядағы дипломатиялық форумда не айтты?
- Ормуз ашылды, бірақ қысым сақталады: Иран, Трамп және мұнай нарығы қалай өзгерді?
- Тоқаев БҰҰ-ды реформалау мәселесіне жауапкершілікпен қарау керегін айтты
- Министрлік Баян Алагөзованың «Қыз Жібек» фильміндегі киімге қатысты жариялаған жазбасына пікір білдірді
- АҚШ Сириядан өз әскерін толық шығарды
- Ақтөбе облысында 2 апта бұрын жоғалған 10 жастағы баланың денесі табылды
- Алматыда екі автобус соқтығысты, жарақат алғандар бар
- Әділет Алмат Азия чемпионы атанып, 4 жыл үзілістен кейін елге дзюдодан алтын әкелді
- Ливан Израиль бітімді бұзғанын мәлімдеді