ИРСК: Ормуз бұғазы арқылы бір тәулікте 35 кеме өтті
Фото: oilcapital.ru
Ислам революциясы сақшылар корпусының әскери-теңіз күштері бақылауымен 35-тен астам кеме Ормуз бұғазы арқылы өтті, деп хабарлайды Orda.kz.
Өткен тәулікте мұнай тасымалдаушы танкерлер мен контейнерлік кемелерді қоса алғанда шамамен 35 азаматтық кеме Ормуз бұғазы арқылы Ислам революциясы сақшылар корпусының әскери-теңіз күштері-мен бағытты келісу арқылы қауіпсіз өткен. Бұл туралы ИРСК ақпараттық порталы мәлімдеді.
Иранның әскери деректеріне сәйкес, Ормуз бұғазы арқылы өтетін кеме қозғалысының қарқыны артып келеді. Соңғы бір тәулікте бұл маңызды теңіз дәлізімен 35 кеме өткен. Ал бір күн бұрын олардың саны 31 болған. Негізі АҚШ пен Иран арасындағы шиеленіс басталғанға дейін бұл бұғаздан күн сайын 140–160 кеме өтетін.
Иран жағының мәлімдеуінше, барлық кеме қозғалысы ИРСК әскери-теңіз күштерінің бақылауымен және қорғауымен жүзеге асырылады. Бұғаз арқылы мұнай тасымалдайтын танкерлер де өтуде.
Бұған дейін Иран Ормуз бұғазы арқылы кеме қатынасына жаңа ережелер енгізілетінін хабарлаған еді. Осы мақсатта Тегеран Парсы шығанағы бұғаздары әкімшілігін (Persian Gulf Strait Authority, PGSA) құрды. Бұл орган ресми түрде «бақыланатын аймақтың» бірыңғай шекарасын белгіледі.
Аталған аймақтың шекарасы екі сызықпен айқындалады, шығыста Ирандағы Кух-е-Мүбарак тауынан бастап, Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Фуджейра әмірлігінің оңтүстік бөлігіне дейін созылады. Ал батыс кіреберісі Иранның Кешм аралының шетінен БАӘ-нің Умм-әл-Кувейн қаласына дейінгі аралықты қамтиды.
Тегеран ұсынған маршрутпен жүру міндетті болып саналады. Кез келген ауытқу ереже бұзушылық ретінде қарастырылып, «қатаң шараларға» әкелуі мүмкін.
Израиль мен АҚШ-қа тиесілі немесе осы елдермен қандай да бір байланысы бар кемелерге бұғаздан өтуге тыйым салынған. Ал бейтарап және достық елдердің кемелері үшін толық келісу талап етіледі, дегенмен оларға транзитке тікелей тыйым жоқ.
Сонымен қатар Иран парламентінде транзиттік алымдар мен арнайы баж салығын енгізу туралы заң жобасы қарастырылып жатыр. Бұл алымдар дұшпан емес елдердің кемелеріне қатысты болуы мүмкін. Кеме капитандары бұғаздан өту үшін алдын ала рұқсат алып, бағытты PGSA басқармасымен толық келісуі тиіс.
Бұған дейін Иран мұнай тасымалдайтын танкерлерден әр баррель үшін 1 доллар көлемінде баж салығын алып отырғаны туралы ақпарат тараған еді. Ведомство мәліметінше, сауда кемелерінің қозғалысы бұғаз акваториясындағы кеме қатынасы қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары аясында қалыпты режимде жүзеге асырылған.
Иран жағы Ормуз бұғазы аймағындағы күшейтілген бақылау мен мониторинг Ислам революциясы сақшылар корпусының әскери-теңіз күштері бөлімшелері арқылы тұрақты негізде жүргізіліп отырғанын атап өтті.
Бұл шаралар аймақтағы жағдайды тұрақтандыру және АҚШ Қарулы күштері әрекеттерінен кейін туындаған шиеленіс аясында кеме қатынасына төнетін қауіптердің алдын алу мақсатында қолға алынған.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық