Ирандағы соғыс Қазақстанға қалай әсер етеді: Ормуз бұғазы мен мұнай бағасы
Коллаж: Orda.kz
Иран мен Оман арасындағы Ормуз бұғазы маңындағы шиеленіс әлемдік мұнай жеткізілуіне әсер етіп, Қазақстандағы мұнай бағасының уақытша өсуіне әкеледі. Бұл қысқа мерзімде экономикаға оң ықпал етуі мүмкін, ал ұзақ мерзімде қалай әсер етеді ? Orda.kz саралап көрді.
Иран мен Оман мемлекеті арасында орналасқан Ормуз бұғазы әлемдік мұнайдың басты «қақпасы». Күн сайын бұл тар өткелден шамамен 20 миллион баррель мұнай өтеді, яғни теңіз арқылы тасымалданатын әлемдік мұнайдың бестен бірі. Сауд Арабиясы, Ирак, Кувейт, Қатар және БАӘ өндірген мұнайдың негізгі бөлігі осы бағыт арқылы әлемге жеткізіледі.
Соңғы күндері АҚШ пен Израильдің Иранға жасаған соққысынан кейін Иран Парсы шығанағы мен Оман шығанағында әскери әрекеттерін күшейтті. Кейбір танкерлер қозғалысын баяулатып немесе альтернативті жол іздеуде. Күні кеше Палау туымен жүрген Skylight мұнай танкеріне Ормуз маңында шабуыл жасалды. Оман теңіз қауіпсіздігі орталығының мәліметінше, 20 адам эвакуацияланды, төртеуі жарақат алған.
Oрмуз бұғазының бұғатталуы Қазақстан сияқты мұнай экспорттаушы елдерде мұнай бағасы уақытша өсуіне әкеледі. Бұл экономикаға оң әсер етуі мүмкін. Сарапшылар мұндай жағдайда Ұлттық қорға түсетін кіріс көбейіп, теңгеге қысым азаятынын айтады. Алайда бұл — уақытша әсер. Әлемдік инфляция өссе, Қазақстан импорттайтын тауарлар — азық-түлік, техника, дәрі-дәрмек, өндірістік жабдықтар — қымбаттап, ішкі нарықтағы баға да күрт өсіп кетеді. Сонымен қатар жаһандық экономика баяуласа, мұнайға сұраныс төмендеп, оның бағасы қайта құлдырауы мүмкін.
Сондықтан Ормуз бұғазы тек географиялық өткел емес, әлемдік мұнай тасымалының қақпасы және жаһандық экономика үшін ең осал нүктелердің бірі.
Oқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық