Иран соғысы: Таяу Шығыс елдерінің туризм саласындағы шығындары 56 млрд долларға жетті

cover Фото: AFP

Әскери әрекеттер басталғаннан кейін БАӘ-де мыңдаған рейс тоқтады, ал былтыр ғана 95,2 миллион адамға қызмет көрсеткен Дубай әуежайының жұмысы тұралап қалды, деп хабарлайды Orda.kz.       

Қонақүйлердегі адам саны әдеттегі көрсеткіштің 15–20%-ына дейін төмендеді. Соғыстың алғашқы айының өзінде 226,5 мыңнан астам бронь жойылды. Ірі конференциялар мен іс-шаралар кейінге шегерілуде, ал қонақүй қызметкерлерінің жұмыс уақыты қысқарып немесе оларды ақысыз демалысқа жіберіп жатыр.

Дубай бизнесті қолдауға 272 миллион доллар бөлді және туристік салықты уақытша кейінге қалдырды.

Tourism Economics деректеріне сәйкес, егер қақтығыс реттелмесе, 2026 жылы өңірге келетін шетелдік туристер саны 11–27%-ға қысқаруы мүмкін. Бұл желтоқсан айындағы 13% өсім болады деген болжамға қайшы келеді.

Ең нашар болжам бойынша өңір 23–38 миллион туристен қағылуы мүмкін, ал туризмнің нашарлауынан келетін жалпы шығын $34–56 миллиардқа жетуі ықтимал.

Оқи отырыңыз:


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар