Иран мен Израиль соққы алмасты
Бейнеден скриншот
Израиль Иранға соққы жасағанын хабарлады. ЦАХАЛ Ирандағы әскери нысандарға соққы жасалғанын мәлімдеді. ЦАХАЛ-дың хабарлауынша, соққылар Иранның орталық және батыс бөліктеріндегі әскери нысандарға бағытталған, деп хабарлайды Orda.kz.
Тегеран, Тебриз, Исфахан қалаларында және Кередж маңында бірнеше жарылыс болған. Алайда Axios порталы америкалық шенеунікке сілтеме жасап, бұл шабуылдардың ауқымы шектеулі болғанын хабарлайды.
«Біршама уақыт бұрын Израильдің әскери-әуе күштері Иранның террористік режиміне тиесілі әскери нысандарға батыс және орталық аймақтарда соққы жасады» деп жазылғанTelegram-дағы мәлімдемеде.
Бұған дейін кешкісін Иран Ислам Республикасы Бейрут маңына жасалған ЦАХАЛ соққысына жауап ретінде Израиль аумағына шабуыл жасаған. ИРСК әскери-әуе күштері нысана ретінде Рамат Давид әуе базасы таңдалғанын, оған баллистикалық зымырандар жіберілгенін мәлімдеді.
Кейін Иран қарулы күштерінің «Хатам әл-Анбия» орталық штабы Израиль жауап қайтарса, одан да ауыр салдарға тап болатынын ескертті.
АҚШ президенті Дональд Трамп өз кезегінде Тегеранды келіссөздерге қайта оралып, мәміле жасауға шақырды. Сондай-ақ ол Израильдің жауап соққы жасамағанын қалайтынын білдірді. Мамыр айының соңында Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху ЦАХАЛ-ға Ливанның оңтүстігіндегі «Хезболла» қозғалысына қарсы операцияны кеңейтуді тапсырған болатын.
Израиль қорғаныс министрі Исраэль Кац әскери күштер Литани өзені маңында бақылау орнатып, бұл аймақты қарусыздандыруды көздейтінін айтты.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық