IPHR Қазақстанға Темірлан Еңсебекті босатуға шақырды
Фото: Инстаграм/ qaznews24
Халықаралық құқық қорғау ұйымы International Partnership for Human Rights (IPHR) QazNews24 сатиралық парақшасының авторы Темірлан Еңсебекті босатуға шақырды, деп хабарлайды Orda.kz.
IPHR мәлімдемесінде «араздық қоздыру» сияқты қылмыстық заңнамадағы анық емес тұжырымдардың көбіне билікті сынаушыларды басу үшін қолданылатыны атап өтілген.
Темірлан Еңсебекке «Йоу, орыстар» әнін жариялағаны үшін айып тағылып жатыр. Бұл сатиралық пост ресейлік тележүргізуші Тина Канделакидің Қазақстандағы орыс тіліне қатысты айтқан пікіріне жауап ретінде жазылған. Ән әлеуметтік желілерде әлі де қолжетімді және заңмен тыйым салынбаған. Ал құқық қорғаушылар бұл қудалауды орынсыз деп санайды.
IPHR сонымен бірге Темірлан Еңсебекті қолдау мақсатында «Сатира – қылмыс емес» деген ұрандармен өткен пикеттерге қатысушылардың әкімшілік жазамен қамауға алынғаны мен айыппұл салынғанын сынады. Наразылық білдірушілер бұл істі билікке қарсы өткір сатирамен байланыстырып отыр.
Ал полицияның айтуынша, Енсебек сатира үшін қамалмаған, ал пикетке қатысқандар бейбіт жиналыс өткізу ережелерін бұзғаны үшін жауапқа тартылған.
IPHR Қазақстандағы сөз бостандығы мен балама пікірлерге қысымның күшейіп келе жатқанын атап өтті. Ұйым билікті Темірлан Еңсебекті және оны қолдағаны үшін ұсталған азаматтарды босатуға, сондай-ақ елдегі заңнаманы халықаралық стандарттарға сәйкестендіруге шақырды.
Темірлан Еңсебек 17 қаңтарда ұсталып, екі айға қамауға алынды. Оған екі жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Оның қорғаушысы Жанар Балғабаеваның айтуынша, тергеу ісі әлеуметтік желілерді бақылаған полицейдің рапорты негізінде басталған.
Еске сала кетсек, сатиралық пабликтің авторы Темірлан Еңсебек түрмеден өзінің қылмыскер емес екенін айтып хат жазған болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық