INTERPOL қазақстандық кәсіпкерге іздеу салды
Фото: Pexels
Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті Ыстықкөлдегі «Симирам» демалыс орталығының иесі, қазақстандық кәсіпкер Ясынжан Таировқа іздеу салды.
Бұл туралы Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті хабарлады.
Арнайы қызметтің мәліметінше, Таиров ұйымдасқан қылмыстық топты басқарған белгілі тұлға Қамшы Көлбаевты қаржыландырды және онымен бірлесіп бизнес жүргізу үшін көмегін алған деген күдікке ілінді.
Тергеу деректеріне сәйкес, кәсіпкер Көлбаевқа $200 мың берген, сондай-ақ өз курортында ҰҚТ мүшелеріне демалу үшін коттедж бен бөлмелер ұсынған. Бұдан бөлек, Таиров Көлбаев өткізген түрлі мерекелік іс-шаралар кезінде қымбат сыйлықтар табыс еткен.
Бішкектің Октябрь аудандық соты Ясынжан Таировқа сырттай қамауға алу туралы үкім шығарып, оған INTERPOL желісі арқылы халықаралық іздеу салды.
Еске сала кетсек, Orda.kz Қырғызстан билігі қазақстандық кәсіпкерТаировқа іздеу салғаны жайлы жазған болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық