«Қамшы Көлбаевты қаржыландырды»: Қырғызстан қазақстандық кәсіпкерге іздеу салды
Фото: Қырғыстан ҰҚМК
Forbes Kazakhstan рейтингіне іліккен қазақстандық бизнесмен Владимир Жұманбаевқа Қырғызстанда ұйымдасқан қылмыстық топ басшысы Камшы Көлбаевтың қаржыландырғаны үшін іздеу жарияланды.
Бұл туралы kaktus.media хабарлады.
Қырғызcтан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті қазақстандық бизнесмендердің бірі Владимир Жұманбаевтың арнайы операция кезінде жойылған Қамшы Асанбектің (Көлбаев) ұйымдасқан қылмыстық тобын қаржыландыру фактілерін анықтады.
«Владимир Жұманбаев Қырғыз Республикасы аумағында алтын өндірумен, кендер мен бағалы металдарды байытумен айналысатын «В.Г.К.» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің иесі бола отырып, 2021-2023 жылдар аралығында жауапты тұлғаларға тапсырма берген, компания қызметкерлері халықаралық «Brotherly Circle» қылмыстық тобына кірген Көлбаевқа ай сайын 1 миллион сом аударып отырған» деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитеті.
Атап өтілгендей, сотқа дейінгі іс жүргізу шеңберінде компанияның қызметіндегі кірістің нақты көрсеткіштерін жасыру мақсатында алтын кенін өндіру туралы жалған мәліметтер мен Қырғызстанның мемлекеттік органдарына есеп беру деректерін енгізу фактілері анықталды. «В.Г.К.» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі» республикалық бюджетке аса ірі көлемде залал келтірді.
Жиналған материалдар негізінде Бішкек қаласы Октябрь аудандық сотының шешімімен Жұманбаевқа қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы сырттай тағайындалды. Ол қылмыстық қудалау мақсатында мемлекетаралық және Интерпол ҰБК арқылы іздеуге жарияланған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық