ХОК шеттетілген украиналық скелетоншыға Олимпиадада қалуға рұқсат берді
Фото: Franck Fife/AFP/Getty Images
Дулығасында соғыста қаза тапқан спортшылардың портреті бейнеленген украиналық скелетоншы Олимпиададан шеттетілген болатын. Енді Владислав Гераскевич жарыстарға қатыса алмайды, алайда оның аккредитациясы сақталады және ол Миландағы Олимпиада ойындарында қалады, деп хабарлайды Orda.kz.
Мұндай шешімді Халықаралық олимпиада комитетінің президенті Кирсти Ковентридің өтініші бойынша Тәртіптік комиссия қабылдаған.
Ковентри Гераскевичпен жарыс басталар алдында, оны жарыстан шеттету туралы шешім қабылданардан бұрын, таңертең ерте кездесіпті. Reuters агенттігінің жазуынша, кездесу шамамен 10 минутқа созылған. Кейін ол бұл туралы журналистерге көзіне жас алып, айтып берген.
«Ешкім, әсіресе мен, бұл үндеумен келіспейді деп айта алмаймын, бұл өте маңызды естелікке арналған үндеу», — деді ол.
Сонымен қатар, ХОК ымыраға келуге болатын нұсқалар ұсынғанын, соның ішінде қаралы таңғыш байлау немесе дулығаны жарысқа дейін немесе жарыстан кейін көрсету мүмкіндігін бергенін айтады.
«Өкінішке қарай, біз ортақ шешімге келе алмадық. Мен оның жарыс жолына шыққанын шынымен де қаладым. Бұл, әрине, көңіл-күйге әсер ететін жағдай», — деді Ковентри.
Украинаның Ұлттық олимпиада комитеті ХОК шешіміне шағымдануға ниетті.
Еске салсақ, 2024 жылы Париждегі Олимпиадада ұлттық құрамалар шеруі кезінде France 2 телеарнасының жүргізушісі Таулы Қарабақтан айырылғандықтан 2023 жыл Армения үшін қаралы жыл болғанын айтып, сол үшін Әзірбайжан Халықаралық Олимпиада комитетіне шағым түсірген болатын.
Оқи отырыңыз:
- Еліміздің конькиші қыздары Олимпиада-2026 ойындарында үздік ондыққа енді
- Қазақстан 2026 жылғы қысқы Олимпиадаға 36 спортшы жібереді
- Қазақстан 2026 жылғы қысқы Олимпиадаға 12 жаңа лицензия жеңіп алды
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық