«Дулығасында соғыста қаза тапқан спортшылардың портреті бейнеленген»: Украиналық скелетоншы Олимпиададан шеттетілді
Фото: Andrea Solero / EPA / Scanpix / LETA
Украиналық скелетоншы Владислав Гераскевич Италияда өтіп жатқан Олимпиадада алғашқы жарыс алдында шеттетілді. Бұған оның қаза тапқан спортшылардың портреті бейнеленген «естелік дулығамен» өнер көрсеткісі келгені себеп болған, деп хабарлайды Orda.kz Meduza басылымына сілтеп.
Гераскевич Олимпиадаға Украина құрамасының көшбасшысы ретінде келген. Ол соғыс кезінде қаза тапқан украиналық спортшылардың портреті бейнеленген дулығамен жарысқа қатыспақшы болған. Спортшы бұл дулығамен ресми жаттығуға шыққан, алайда кейін Халықаралық Олимпиада комитеті оған жарыс кезінде «естелік дулығасын» пайдалануға болмайтынын ескерткен. Тіпті жарысқа қатыспай қалуы мүмкін екені де айтылған. Бірақ спортшы ойынан айнымаған. Бұл туралы Гераскевич 10 ақпанда әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Спортшыны Украина президенті Владимир Зеленский қолдап, дулығада Ресей әрекеті салдарынан қаза тапқан украиналық спортшылардың портреті бейнеленгенін айтты.
12 ақпанда ХОК пен IBSF дулығаны тағуға киюге рұқсат бермейтінін мәлімдеді. Осыған байланысты ол жарысқа қатысушылар тізімінен шығарылды.
ХОК бұл жағдайға қатысты мәлімдеме жасады. Спортшы ХОК өкілдерімен, президент Кирсти Ковентримен жеке кездесулерге қарамастан «ешбір ымыраға келмеген» көрінеді.
ХОК шешімінен кейін спортшы «Украина мүддесін және қаза тапқан спортшылардың естелігін қорғағаны үшін абырой жолында құн өтегенін» мәлімдеді.
«Біз ешқандай ережені бұзған жоқпыз және осы Олимпиадада бұған дейін осындай әрекет жасаған басқа спортшылар сияқты осы дулығамен өнер көрсетуге толық құқылы едік», — деді Гераскевич.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық