Ходорковский LIVE арнасы Ресейдің Қазақстанды қалай жаулап алатыны туралы бейнеролик жариялады
Коллаж: Orda.kz
Досье қаласының орталығындағы Ходорковскийдің LIVE арнасы Ресей Қазақстанды қалай жаулап алатыны туралы подкаст жариялады. Материалдар барлау басқармасының (ГРУ-дың) Қазақстандағы ықпалын күшейту жоспарына нұсқайды екен-мыс.
Orda.kz негізгі тезистерді қысқаша баяндап, кейбір сарапшылардың пікірін береді. Пікір айтқандар арасында редакциямыздың бас редакторы Гүлнәр Бажкенова да бар.
Ресейдің әскери барлау қызметі Қазақстанды өз ықпалы жүру үшін ашса алақанын да, жұмса жұдырығында ұстай аламыз деп қарастырады. Жарияланған құпия құжаттарға қарасақ, бұл мақсатқа жету үшін олар бар күшін салмақ. Тәуелді медиалардан бастап, саясаткерлерді сатып алуға дейін баруы мүмкін. Бас барлау басқармасы (ГРУ) жоспарында Кремльге тиімді тарихи көзқарасты насихаттау, саяси тұлғаларды қаржыландыру, спорт пен мәдениетті «жұмсақ күш» ретінде пайдалану, сондай-ақ бірлескен жобалар мен заңсыз сауда схемалары арқылы экономиканы пайдалану да бар.
Жаңа құрылым мен «қазақстандық бағыттағы» кураторлар
Бағдарламада айтылған деректерге қарасақ, Украинаға басып кіргеннен кейін барлау басқармасында арнайы диверсиялық, ақпараттық шабуылдар және жеке әскери компаниялармен жұмыс істейтін бөлім құрылды. Ал оны Қазақстанды барлау қызметінің ардагері полковник Денис Смолянинов басқарады.

2023 жылы ол Астанада Ресейдің жағымды бейнесін қалыптастыруға және этносаралық қақтығыстар туралы хабарламаларды дискредитациялауға, кінәні Украина мен Батысқа аударуға арналған қоғамдық бірлестік пен БАҚ құру жоспарын алды.
«Ғылым» атымен қой терісін жамылған «жұмсақ күш»
Құжатта тағы ресейлік жоғарғы оқу орындарының қатысуымен Қазақстанда этнологиялық зерттеулер ғылыми орталығын құру жайлы бар. Оның міндеттері жергілікті сарапшылық ортаға ықпал ету, Кремльге тиімді тарихи түсінікті ілгерілету және отарсыздану процестерін тежеу жайлы тапсырмалар да бар. Сараптама нәтижесінде Қазақстан ғалымдары элитаға қол жеткізе алатын «төмен жалақы алатын, бірақ өте білімді адамдар» деп жазылған.
Құрылымды «Росатом» мен Сергей Кириенконың айналасындағылар қаржыландырады:
«Бұндай әдіс қазір жүрмейді. Назарбаевтың кезінде ғылым тек қара нан мен қара сумен күн көрсе, Тоқаевтың кезінде ғылымға көңіл бөліне бастады. Ғылымға инвестиция салынып, ғалымдардың жалақысы мен гранттар өсті. Ал ресейлік қаржыға қазір қызығушылық өте төмен», – деп түсіндірді бұл оқиғаға байланысты тарихшы Сәбит Жақсылықов.
Конспирология мен псевдоғылым тоғысындағы идеология
Барлау басқармасы Ресейдің Қазақстанға ықпалын күшейту жөніндегі ұсыныстарының қатарында «Жасампаздық экожүйе» жобасы бар. Оның авторы жазушы және идеолог Александр Кашанский. Оның тұжырымдамасында «русофобияға қарсы күрес», «әлемдік басқаруды денцентрализациялау», «Ресейдің рухани миссиясы» айтылады.
«Біз кеңес одағының әлеуметтік жағдайын ғана сағынамыз. Тегін медицина, тегін білім беру. Сағыныш әлі күнге дейін бар. Бірақ бірақ саяси режимге емес және қайта бірігу, үлкен империяның бір бөлігі болу емес», – деді саясаттанушы Толғанай Үмбетәлиев.

Жоғарыдағы тұлғаларды сатып алу
Сондай-ақ, тарап кеткен құжат бойынша барлау басқармасының жоспарында қазақстандық элиталарды ақшамен сатып алатыны жазылған. Мысалы, Украинаға басып кіруді қолдаған бұрынғы кәсіподақ қайраткері, коммунист Айнұр Құрманов. Оған айына 5 мың еуро бөлу ұсынылды.
Журналист Лұқпан Ахмедияровтың пікірінше, Құрманов қазірдің өзінде көптің есінде жоқ маргинал.
«Ленин сияқты броневикке мінсе де, оның пікірі басты болмайды. Оны жастар білмейді, ал Қазақстанда коммунистік күн тәртібі әлдеқашан өзектілігін жоғалтты», – деді Лұқпан Ахмедияров.
Ескі қорқынышты оқиғалар мен абсурд жобалар
РФ ықпалын жүргізу бойынша басқа бастамалар арасында Алматыдағы құпия америкалық биозертханалар тақырыбын жандандыру және самбо мен кір тасын көтеру спортын «Ресей әлемін» ілгерілету ретінде пайдаланады. Олардың дамуы Ресеуге оң көзқараспен қарайтын адамдардың санының артуына көмектеседі.
Дегенмен, біздің мамандардың пікірінше, спорттық жобаларды саясиландыру кері әсерін береді.
Қорытынды
Барлау басқармасының құжаттарында Қазақстанның соғысқа араласуы екі талай екені айтылған. Көптеген жобалар ескірген немесе тиімсіз болып көрінеді. Бірақ агентураның мұндай жұмысы да дағдарыс сәтінде рөл атқарып кетуі мүмкін. Ондағы басты мақсат жасырын қысым арқылы Қазақстанды Ресейдің ықпалында ұстау.

«Мәскеулік кураторларға, идеологтарға Қазақстанда жұмыс істеу оңай емес. 2022 жылдан кейін кремльшіл бағыт қиындай бастады. Егер сен оны қолдасаң, басыңды бәйгеге тігесің деген сөз», – деді Гүлнәр Бажкенова.
Еске сала кетейік, Қазақстанның Украинадағы елшілігінде әскери атташенің көмекшісі қызметін атқарған, Польшада «тыңшылық жасады» деген күдікпен қамауға алынған адамның есімін Orda.kz анықтады.
Автор: Наталья Овчинникова
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық