Хасан Қасымбаевтың соты: Сот отырысына үш күдікті келмеді
Алматы облысы Талғар аудандық сотында Хасан Қасымбаев және тағы басқа күдіктілерге қатысты сот отырысы өтіп жатыр. Кезекті сот отырысына үш күдікті ауырып қалған соң келмеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Талғардағы 16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне қатысты қылмыстық іс — былтырдан бері Қазақстандағы ең атышулы іс болды. Осы қазадан кейін Талғарды «хуторлық» атты қылмыстық топтың қорқынышта ұстайтыны жайлы гу-гу әңгіме тарады. Бүгін Алматы облысы Талғар қаласында Шерзат ісінде жұрт «хуторлық» топтың «басшысы» деп атап кеткен Хасан Қасымбаев пен серіктернің соты өтті.
Хасан Қасымбаев және басқа да тұлғаларға қатысты «адам ұрлау», «денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» және «бопсалау» айыптары бойынша қылмыстық іс қаралып жатыр.
Сонымен қатар бүгінгі сот отырысында жаңа прокурор келді. Жергілікті қызметкерлердің айтуынша бұрынғы прокурор іссапарға кеткен екен.
22 қыркүйек сағат 10:00-ге қойылған сот отырысы сағат 14:40-та басталды. Үш айыпталушы ауырып қалған соң осылай кеш басталды. Осылайша Қалымжанов, Ақтанов және Сұлтанбеков есімді күдіктілер сотқа қатыспады.
Айта кетейік, өткен сот отырысына келмей қалған екі жәбірленушінің бірі — Аюпжан Тәжиев осы жолы сот отырысына келді.
Еске сала кетсек, судья Айнагүл Түкібаева жәбірленушілер мен куәгерлердің айғағын баспасөз бетінде жариялауға тыйым салды. Ал сот залына кіре алмаған БАҚ өкілдері сот отырысын көрші бөлмеден экран арқылы көрді.
Айта кетейік, 2024 жылдың 2 қарашасында Хасан Қасымбаев уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол 2021 жылы ережесіз жекпе-жектен жаттықтырушы Арман Әлімовтің денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірді және ұрлады деген күдікке ілінген.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық