Хасан Қасымбаев 12 жылға сотталды
Фото: Orda.kz
Талғарда «Хутор» ұйымдасқан қылмыстық тобының жетекшісі ретінде танылған Хасан Қасымбаев пен оның серіктеріне қатысты сот үкімі жарияланды, деп хабарлайды Orda.kz.
Сот шешімі бойынша Хасан Қасымбаев 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен бірге оның ісі бойынша айыпталған Сайлау Ақтанов — 8 жыл 6 ай , Данияр Асқаров — 8 жыл, Руслан Әлиев — 8 жылға, Мадияр Қалымжанов — 9 жыл 6 ай арқалап, Нұрмұхамет Сұлтанбеков — 22 жылға сотталды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Бұған дейін Қасымбаев өзіне тағылған айыптарды мойындамай, істің қолдан жасалғанын айтқан болатын. Бұған дейін ол тергеу мен сот кезінде көптеген заң бұзушылықтар болғанын айтып, ақтауды сұрады.
«Менің кінәмді дәлелдейтін нақты айғақ жоқ. Бұл іс халықты тыныштандыру үшін ойдан шығарылған. Әділдік – біреуді жазалау емес, шындықты табу», — деген еді Қасымбаев соңғы сөзінде.
Айыпталушылар адам ұрлау, бопсалау және денсаулыққа ауыр зиян келтіру баптары бойынша жауапқа тартылған.
2024 жылғы 4 қазанда қаза тапқан Шерзат Полаттың ісінен кейін «Хутор» деп аталатын ұйымдасқан қылмыстық топтың бар екені және оны Хасан Қасымбаев басқарады деген ақпарат тарады.
Хасан Қасымбаев пен оның серіктері мұндай айыптауларды негізсіз деп мәлімдеген.
2024 жылғы 15 қазанда Талғар аудандық әкімдігінде қызмет атқарған Аслан Қасымбаевтың жұмыстан кеткені хабарланды. Ресми сот деректеріне сәйкес, Хасан Қасымбаевтың тағы бір бауыры Ержан Қасымбаев атышулы «Қорғас ісі» бойынша куәгерді өлтірді деген айыппен түрмеде отыр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық