«Халық көтерілді»: Корея президентіне қарсы митинг өтіп жатыр
Фото: Yonhap
Оңтүстік Корея президенті 3 желтоқсанда әскери төтенше жағдай енгізген болатын. Алайда 190 депутат бұл шешімге қарсы дауыс беріп, 6 сағатқа жетпей оны алып тастауға мәжбүр болды. Мыңдаған халық Сеулде алаңға шығып, импичмент талап етіп жатыр, деп хабарлайды Orda.kz Yonhap ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.
Оппозиция оны «мемлекетке опасыздық жасады» деп айыптады. Артынша прокуратура да «мемлекетке опасыздық жасады» және «билікті асыра пайдаланды» деген айып тағып, күдікті ретінде санап отыр. Юн Сок Ёльдің елден кетуіне тыйым салынды.
Оңтүстік Корея парламенті 7 желтоқсанда президентке импичмент жариялау мәселесін көтерді, бірақ биліктегі «Халық күші» партиясының депутаттары дауыс беруге бойкот жариялауына байланысты импичмент бойынша құжат қабылданбады.
Алайда Сеулде парламенттің алына мыңдаған адам шығып импичментті талап етіп жатыр.
Жиналған жұрт ұялы телефондарымен және басқа да құралдармен жарық жағып, өз наразылықтарын көрсетіп жатыр. Yonhap ақпаратына қарасақ, 4000-дай ереуілші, 2000-дай полицей қызметкерлері қатысқан шеру фестиваль секілді әншілердің қатысумен бейбіт өтіп жатыр. Митинг бір апта бойы болмақ.
Президентті құлатуға ұмтылған партия жетекшілері жайлы және Оңтүстік Кореядағы саяси тұрақсыздықтың Қазақстанға әсері жайлы мына материалдан оқыңыздар.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық