Халық бес жылдан бері табысының жартысынан көбін тамаққа жұмсап отыр
Коллаж: Егемен Қазақстан
Сарапшылар Қазақстан халқының кірістері мен шығыстары жөніндегі статистиканы зерттеп, елімізде азық-түлікке жұмсалатын шығын үлесі әлем бойынша ең жоғары деңгейде екенін анықтады, деп хабарлайды Orda.kz.
Halyk Finance талдау орталығының мәліметінше, 2025 жылдың бірінші тоқсанында қазақстандықтардың номиналды табысы 10,1 %-ға, ал шығыстары 10,4 %-ға өсті. Бұл – аз көрсеткіш емес, әрине. Алайда 9,4 %-дық инфляцияны ескерсек, бұл өсім аса мәнді болып көрінбейді.
Бірінші тоқсанда қазақстандықтардың жан басына шаққандағы орташа табысы 350,3 мың теңге болды. Ең көп өсім Ақмола, Жамбыл және Қарағанды облыстарында, сондай-ақ Шымкентте тіркелді. Жалғыз табысы төмендеген өңір – Түркістан облысы. Сонымен қатар Астана мен Түркістан облысының табыс деңгейіндегі айырмашылық екі еседен асады: елордада орташа табыс – 494 мың теңге болса, Түркістан облысында – 223 мың теңге.
Жан басына шаққандағы орташа шығыстар 312,7 мың теңге болды. Қазақстандықтар салыққа (жылдық өсім +38,6 %), ақылы қызметтерге (+14,3 %), несиелерді өтеуге (+13,2 %) және азық-түлікке (+10,9 %) көбірек қаржы жұмсайды. Алайда жалпы шығыстар құрылымында салықтың үлесі небәрі 0,3 %. Ең көп шығынданатындар – алматылықтар (олар айына орта есеппен 403,9 мың теңге жұмсайды), ал ең үнемшілдер – Түркістан облысының тұрғындары (219,3 мың теңге).
Сарапшылардың айтуынша, Қазақстан – азық-түлікке жұмсалатын шығыстың үлесі бойынша әлемдегі алдыңғы қатарлы елдердің бірі. Бұл экономикалық заңдылықтарға қайшы келеді және елдегі өмір сүру деңгейі статистика көрсеткендей жоғары емес екенін аңғартады.
«Шығындардың 50,6 %-ы азық-түлікке, 20,4 %-ы азық-түлік емес тауарларға, 19,6 %-ы ақылы қызметтерге тиесілі. Бірінші көрсеткіш Энгель заңы бойынша маңызды индикатор саналады. Бұл заңға сәйкес, халық табысы өскен сайын тамаққа жұмсалатын шығындардың үлесі азайып, азық-түлік емес тауарлар мен қызметтерге шығын үлесі артуы тиіс. Алайда Қазақстанда бұл заңдылық айқын байқалмайды: үй шаруашылықтарының жалпы шығыстарының жартысынан астамы азық-түлікке жұмсалады. Бұл – елді азық-түлік шығындарының үлесі ең жоғары мемлекеттердің біріне айналдыратын фактор. Салыстыру үшін: дамыған елдерде бұл көрсеткіш сирек 15 %-дан асады», — дейді Halyk Finance сарапшысы Арыслан Аронов.
Сонымен қатар соңғы бес жылда қазақстандықтардың азық-түлікке жұмсайтын шығындарының үлесі 50 %-дан төмен түскен емес. Қазақстан — азаматтарының азық-түлікке жұмсайтын шығындарының үлесі бойынша әлемде алтыншы орында.
Неліктен бұл жағдай жылдан жылға өзгермей отыр?
Себеп қымбат азық-түлікте ме, қазақстандықтардың тәбеті артуында ма, әлде жоғары инфляцияда ма?
«Біріншіден, номиналды табыстың өсуін инфляция «жеп қояды», бұл үй шаруашылықтары шығыстары құрылымын қайта бөлу мүмкіндігін шектейді және азық-түлік шығындарының үлесін тұрақты жоғары деңгейде – 50-52 % шамасында ұстап тұр. Екіншіден, сыртқы саудадағы айтарлықтай теңгерімсіздік — 2024 жылы азық-түлік импорты 6,8 млрд долларға жетіп, теріс сальдо 1,8 млрд доллар болды — азық-түлік бағасының қосымша қымбаттауына алып келуде. Үшіншіден, ерекше шығыс құрылымы елдегі қызметтердің салыстырмалы түрде арзан болғанына байланысты. Мысалы, Канадада медициналық қызметтер отбасы бюджетінен 20 %-ға дейін алса, Қазақстанда бұл көрсеткіш 2 %-дан аспауы мүмкін. Бұл азық-түлік шығыстары үлесін заңды түрде арттырады», — деп түсіндірді Арыслан Аронов.
Бұл жағдай шынымен өзгеруі үшін тек инфляцияны төмендету мен импорт үлесін азайту жеткіліксіз. Халықтың табысын айтарлықтай арттыру қажет — әйтпесе қазақстандықтар табысының басым бөлігін тамаққа жұмсап, берекесі кетеді, деп қорытындылады қаржыгер.
Бұған дейін біз қазақстандықтардың азық-түлік тұтыну рационы қалай өзгергені туралы жазған болатынбыз.
2024 жылдың басындағы Numbeo деректері бойынша Алматы Орталық Азиядағы ең қымбат қалалар рейтингінде көш бастады.
Оның үстіне диқандар былтырдан бері субсидия орнына әкімдіктердің аударымдары арқылы көмекке сенетін болды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық