Еліміздің фермерлеріне 2025 жылдан бастап субсидия берілмейді
Фото: gov.kz
Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин келесі жылы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге қаржылық субсидия беру тоқтағанын айтты. Оның орнына 5 пайыздық несие беріледі. Диқандар субсидия орнына әкімдіктердің аударымдары арқылы көмекке сенетін болады.
«Шынымды айтсам, біз келесі жылы қаржылық субсидия бермейміз. Кредит 5%-бен беріледі - одан артық емес. Субсидиялар әкімдіктерге жалпы трансферттер арқылы беріледі. Мәселе мынада, қазіргі жүйе тұрақты кезек тудырады, қарыздар көбейе береді, мұны тоқтату керек. Қалай? Субсидияларды алып тастау арқылы, өйткені қаржыландыру жоқ», - деді Серік Жұманғарин.
Ол биылғы жылы субсидиялауға бюджеттен 1 миллиард доллар бөлінгенін баса айтты.
Сонымен қатар, министр астықтың шіріп кетуі мен элеваторларда кезектің туындауы қоғам үшін жиі және ауыр жағдай екенін, бірақ оларды шешуге болатынын атап өтті.
«Негізі, элеваторларда қант қызылшасын тапсыру кезегінде тұрғанда астық шіріп кеткен жағдай бірнеше рет болды. Сол жылдардағы баспасөзге қарасаңыз, бұндай оқиғалар көп және олар әрқашан жағымсыз әсер берді. Біз барлық мәселенің тамырын басып отырамыз. Біз не істеу керегін білеміз, алдымызда айқын мақсаттар бар және оларға қалай жетуге болатынын да түсінеміз», - деп сендірді шенеунік.
Сондай-ақ Серік Жұманғарин жаңа элеваторлар салу қажеттілігіне тоқталып, Қазақстанда 30 миллион тонна астық сақтайтын орын бар екенін, барлық шаруа қожалықтары өз өнімдерін сақтау үшін элеваторларды пайдаланбайтынын айтты.
«Бізге жаңа элеватор салу керек, орын аз, кезекте тұрмыз деп жатыр. Иә, ондай жағдай бар. Біз оны жоққа шығармаймыз. Бірақ бізге жаңа элеватор салу керек пе? Біздің Қазақстанда 30 миллион тонна астық сиятын қоймамыз бар, оның шамамен алғанда 50 пайызы релелік элеваторлар, 50 пайыз астық жеке шаруашылықтарда сақтаулы. Барлық шаруа қожалықтары жақсы астығын элеваторға тапсыра бермейді. Не үшін? Жақсы сапаны орташа сапаны араластыру болмайды. Барлық шаруа қожалықтары элеваторға бермейді, өйткені олар кезекте тұрғысы келмейді немесе оны алысқа апаруды қаламайды. Тиісінше, астық қар астында қалады, бір бөлігі шіріп кетеді, бірақ бұл тығырыққа тіремейді, негізгі бөлігі кептіріледі және сатылады. Түсінесіз бе? Біз қиын жағдайға тап болғандарға көмектесеміз», - деп түсіндірді ол.
Вице-премьер Үкіметтің Азық-түлік корпорациясына қолдау көрсету мәселесін талқылауға дайындалып жатқанын атап өтті.
«Сіздерге айтарым, бидайды тікелей сатып алу көптен бері жүргізілмеді, қателеспесем, соңғы рет 2011 жылы болды. Бірақ біз бірінші кезекте шағын және микрокәсіпорындардан сатып алуды тапсырдық, өйткені олар үшін бұл ең қиын, өйткені олардың көлемі аз, экспорттау қиын. Яғни, кімнің шынымен қиналып, кімнің құры сөзді сапырып отырғанын қазір шынымен көріп отырмыз. Оның үстіне мұны нағыз шаруалар емес, осы арқылы өзін-өзі танытқысы келетіндер істейді», – деп түйіндеді сөзін Серік Жұманғарин.
Жаңалықтар
- Ливан өлім жазасын жойған алғашқы араб елі болды
- Нұрай Серікбайдың өлімі: Прокурор күдіктіге өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын сұрады
- Иранның қастандық жасау қаупіне байланысты Трамп ұшағын ауыстыруға мәжбүр болды
- Бір серіктестіктің алты бірдей жұмысшысы құдыққа түсіп қаза тапқан: Полиция үш адамды ұстады
- Бала ауыр халде: Футбол алаңында төтенше жағдай болды
- Сирияның бұрынғы президенті Башар Асад сырттай өлім жазасына кесілді
- Алматыда күйеуін өлтірген әйел сотта ақталды
- Прокуратура талабымен: Атырау облысында полицейлерді соққыға жығып, бостандықта жүргендер сотталды
- Аичи-Нагоя-2026: Азия ойындарының медальдары таныстырылды
- Қытайлық ғарыш миссиясы сәтсіз аяқталды: Зымыран тасығыш 90 секундта жарылып кетті
- Медициналық сақтандыру қорынан 3,5 млрд теңгеден астам қаржы ұрланған
- Ақсайда түнгі клубта жаға жыртысқандар жазаланды
- «Крыша боламын» деп 30 млн теңге талап еткен ММА жаттықтырушысы ұсталды
- Парсы шығанағында тұрып қалған кемелер әлемді экологиялық апатқа ұшырата ма?
- Бесағашта мас ер адам көшеде қыздарға бейәдеп ұсыныс жасаған
- Астанада полиция қызметкері кәмпитке қақалған баланың өмірін құтқарды
- Елден жаппай ақша алып қашып жатқандар кім? ҰҚК мәлімдеме жасады
- Қазақстандықтар үй сатып алуды азайтты ма? Тұрғын үй нарығында жаңа өзгеріс байқалды
- Өз тойына келе алмаған жұптың тойы экран арқылы өтті
- Үйлену тойында пышақтап өлтірген: Ақтөбе облысындағы сұмдық жайт