Гүлмира Сатыбалдыны 12 жылға бас бостандығынан айырды
Фото: ашық дереккөзден
Мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотта Гүлмира Сатыбалдыны 12 жылға бас бостандығынан айыру үкімі шықты. Ал оның жүргізушісі Мәди Батыршаевты 9 жылға бас бостандығынан айырды.
Бұл туралы Orda.kz тілшісі хабарлады.
Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі «Заңсыз бас бостандығынан айыру», «Қорқытып тартып алу» және «Өзінше билік ету» баптары бойынша кінәлі деп танылды. Сот жиынтығында Гүлмира Сатыбалдыны орташа қауіпсіздік мекемелерінде 12 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.
Айыпталушы Мәди Батыршаев Гүлмира Сатыбалдының нұсқауымен Жүнісовті еркін жүріп-тұруына, бостандығына кедергі келтіргені үшін айыпталды. Нәтижесінде Сот Батыршаевты Қылмыстық кодекстің 126-бабы «Заңсыз бас бостандығынан айыру» бойынша кінәлі деп танып, 9 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.
Сондай-ақ судья жәбірленушілердің азаматтық талаптарын ішінара қанағаттандырып, Гүлмира Сатыбалдыдан 2, 6 млрд теңге материалдық шығын мен 10 миллион теңге моральдық шығын өндіру туралы шешім қабылдады. Ал Мәди Батыршаевты жәбірленушіге 2 миллион теңге моральдық шығын өтеуге міндеттеді.
Еске сала кетейік, бұған дейін прокурор Гүлмира Сатыбалдыға 13 жылға бас бостандығынан айыруды ұсынған болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық