Прокурор Гүлмира Сатыбалдыны 13 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады
Фото: Ашық дереккөзден
Гүлмира Сатыбалдыға қатысты сот отырысында тараптар арасындағы пікірталас барысында сот тергеуінің қорытындысы шығарылуда. Прокурор Алмаз Байбарақов өз уәждері мен дәлелдерді келтірді.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
Мемлекеттік айыптаушы істің мән-жайына талдау жасап, Гүлмира Сатыбалдыға 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын орташа режимдегі колонияда өтеуді сұрады. Сатыбалдының басқа да сотталған істерімен қосқанда жазаның жалпы саны 13 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Ал оның оның жүргізушісі Мәди Батыршаевты 10 жылға бас бостандығынан айыруды ұсынды.
Бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың келіні әрі Қайрат Сатыбалдының бұрынғы жұбайы қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша айыпталып отыр.
- ҚР ҚК 126-бабының 3-бөлігінің 3-тармағы «Заңсыз еркіндігінен айыру»
- ҚР ҚК 194-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы «Өзгенің мүлігін қорқытып алу»;
- ҚР ҚК 389-бабының 4-бөлігі «Өзінше билік ету».
Ал Гүлмира Сатыбалдының жүргізушісі Мәди Батыршаев заңсыз еркіндігінен айыру яғни,126-бабтың 3-бөлігінің 3-тармағы бойынша айыпталып отыр.
Еске сала кетейік, бұған дейін Гүлмира Сатыбалды бір жыл бұрын 8 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық