«Гүлмира Сатыбалды соңғы сөзден бас тартты»: Судья үкім шығару үшін кеңесу бөлмесіне кетті
Фото Orda.kz
Гүлмира Сатыбалды мен оның жүргізушісі Мәди Батыршаевқа қатысты сот процесі бүгін аяқталды. Сотта Қайрат Сатыбалдының бұрынғы жұбайы соңғы сөз сөйлеуден бас тартты. Судья Маратбек Кәкімжанов үкім шығару үшін ертеңге дейін кеңесу бөлмесіне кетті.
Бұл туралы Orda.kz тілшісі хабарлады.
Бүгінгі сот отырысы бастала сала айыпталушы Гүлмира Сатыбалды денсаулығына байланысты сот процесіне кезекті рет қатыса алмайтынын, тіпті соңғы сөз сөйлеуден де бас тартатынын айтты. Айта кетейік, 26 тамыздан бастап Гүлмира Сатыбалды бүйрек ауруымен қатар аллергиясының өршіп кеткеніне шағымданған болатын.
«Мен адвокат Данилованы толық қолдаймын және сот отырысын ары қарай менсіз жалғастыруды сұраймын», — деп қысқа қайырды Гүлмира Сатыбалды.
Сонымен қатар, сотта Гүлмира Сатыбалдының қызы Аружан Қайрат сөз алып Абай Жүнісов ауруханада жатыр деген қорғаушы Рашид Теңізбаевтың сөзі шындыққа жанаспайтынын айтты.
«Бір жарым ай бойы Абай Жүнісов сот процесіне қатыспады. Денсаулығына байланысты ауруханада жатыр деген сөз жалған. Мен оны Астана қаласындағы қымбат ресторандардың біріне кіріп бара жатқанын өз көзіммен көрдім»,— деді Сатыбалдының қызы.
Айта кетейік, жәбірленуші Аружан Қайратқа туыстық қатысы бар, Абай Жүнісов Гүлмира Сатыбалдының кіші сіңілсі Рая Пірімбетовамен некеде болған.
Сондай-ақ, айыпталушы Мәди Батыршаев соңғы сөзінде 2015 жылдан бері Гүлмира Сатыбалдымен жұмыс істегенін, оның ешқандай қылмысқа апаратын бұйрықтар бермегенін айтты.
«Құрметті судья, мен ағайынды Жүнісовтерді жақсы танимын, өмірде араласқанмын. Олардың шынай бет-бейнесін мен жақсы білемін. Абай Жүнісовке қарсы мен ешқашан физикалық, не моральдық қысым көрсетпегенімді тағы да айтамын. Оның бәрі сотта толық дәлелденбеді. Менің кәмелеттік жасқа толмаған балаларым бар. Жұмыссыз отырған әйелім, зейнет жасындағы анам бар. Ақ-қарасын ашып, мені ақтауыңызды сұраймын», — деді Батыршаев.
Судья соңғы сөзден соң үкім шығару үшін ертеңге дейін кеңесу бөлмесіне кетті.
Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдының бұрынғы жұбайына қатысты сот отырысы жарыссөзінде қандай тың мәліметтер айтылғанын Orda.kz тілшісінің репортажынан оқи аласыздар.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық