Грузияда президент сайлауы өтетін күн белгілі болды
Фото: Getty Images / Zurab Tsertsvadze / митинг кезінде
Грузияда оппозиция даулаған сайлаудан кейін парламенттің алғашқы отырысы өткен болатын. Енді президент сайлауы 14 желтоқсанда парламент ғимаратында, ал инаугурациясы 29 желтоқсанда өтпек, деп хабарлайды Orda.kz «Азаттық радиосына» сілтеме жасап.
Бұған дейін өткен парламент отырысына Грузия президенті Саломе Зурабишвили сессияға қатысқан жоқ. Ол заң шығарушы органның қазіргі құрамын «конституциялық емес» және «заңсыз» деп санайды, Зурабишвили 26 қазандағы дауыс берудің ресми қорытындысы «толық бұрмаланған» деп біледі. Оппозициялық коалиция жетекшілері парламент отырысына бойкот жариялады.
Миллиардер Бидзина Иванишвили негізін қалаған, билікте отырған «Грузин арманы» партиясының 89 депутаты бірден дауысқа салып, барлық 150 депутаттың өкілетін мойындап, Шалва Папуашвилиді спикер етіп қайта сайлады.
25 қарашада «Грузин арманы» партиясының депутаттары, Бидзина Иванишвили парламент ғимаратына күзетпен кірді. Мыңдаған оппозиция белсендісі ғимаратты толық жауып тастай алмаса да, оны үш жағынан қоршап, депутаттардың артынан «орыстар», «Путиннің құлдары» деп айқайлады.
Батыс елдерінің көбі Грузия билігін сайлаудың аяқталғанымен және жаңа парламент жасақталғанымен құттықтауға әлі асықпай отыр.
Грузия парламентінің спикері Шалва Папуашвилидің айтуынша, президент өкілетінің мерзімі алты жыл емес, бес жыл болуы үшін сайлау мен инаугурацияның биыл өткені маңызды.
Бұған дейін «Мтавари» оппозициялық арнасы Грузия президенттігіне «Грузин арманының» төрағасы Ираклий Гарибашвили мен елдің бірінші президенті Звиад Гамсахурдияның ұлы Константин Гамсахурдияның кандидатурасы қарастырылып жатыр деп хабарлаған. Алайда билікте отырған партия жетекшілерінің бірі мұны жоққа шығарды.
Грузия президентін алғаш рет халық емес, сайлаушылар алқасы таңдайды. Алқа құрамына 300 адам кіреді, оның ішінде Грузия парламентінің 150 депутаты, Аджария мен Абхазия автономиялық республикасы жоғарғы кеңестерінің мүшелері бар.
Еске сала кетсек, Orda.kz бұған дейін болған Грузин халқының «Ресейлік партия керек емес» деп президенті Саломе Зурабишвилимен бірге митингіге шыққаны жайлы жазған болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық