«Ғасыр ұрлығы»: Луврдан ұрланған жәдігерлерді астыртын ондаған миллион еуроға сатуға тырысқан, ұрылардың арасында әйел адам да бар
Фото: Лувр мұражайы
Бұл туралы израильдік CGI Group бас директоры Цвика Наве мәлімдеді. Оның айтуынша, тонаудан бес күн өткен соң ұрылар компанияға шифрланған арна арқылы шығып, мәміле жасауды ұсынған. Олар өздерінде құнды әшекейлердің бар екеніне «дәлелдер» жіберген, деп хабарлайды Orda.kz BILD-ке сілтеме жасап.
Лувр жәдігерлерді қайтаруға мүдделі ме?
Наве «сауданы» 24 сағатқа шектей отырып, сату шарттарын талқылауды ұсынған. Компания «шифрланған әңгімелер сериясын» өткізіп, ол туралы Луврға хабарлаған, алайда мұражай алты күн бойы ақпаратқа жауап бермеген.
«Біз уақыт оздыру арқылы ұрылардың сенімін жоғалттық әрі Лувр асыл заттарды қайтарудың нақты мүмкіндігін жіберіп алды», - деді Цвик Наве Лувр тарапынан ешқандай ұмтылыс жоқтығын сынап.

Тонау 19 қазанда болды, шабуылдаушылар мұражайға терезе арқылы кіріп, француз монархиясының жәдігерлері сақталған Аполлон галереясының әйнек сөрелерін сындырды. Күдіктілердің екеуі 26 қазанда, тағы бесеуі 30 қазанда ұсталды.
Францияның мәдениет министрлігі мұражайдан Наполеон дәуіріндегі коллекциялардан сегіз зергерлік бұйым ұрланғанын растады. Олар:
- Мари-Амелия мен Гортензия патшайымдарға тиесілі жақұт орнатқан тәж (тиара), алқа және сырға;
- Мари-Луиза жиынтығынан зүбәржат әшекей және жұп сырғалар;
- Тұмар түйреуіш;
- Үлкен түйреуіш және Евгения патшайымның тәжі (диадема).

Айта кетерлігі Евгения патшайымның тәжі ұрылар қашып бара жатқанда түсіп қалған. Кейінірек ол мұражайдың жанынан табылды. Drouot аукцион үйінің бағалауы бойынша, бұл тәждің құны ондаған миллион еуро тұрады.
Айтпақшы, Парижде қылмыскерлер жеті минут ішінде 88 миллион еуроға жуық бағалы заттарды тонап, Лувр қазынасын үптеп кеткеннен кейін мұражай басшылығы сұқ көзден таса қылу үшін қалған бағалы заттарды жер астына жасырды.
«Ғасыр ұрлығына» әйел адамның қатысқаны белгілі болды
Париж соты Сен-Сен-Дени маңындағы 38 жасар әйелді айыпты деп таныды.
Курнев қаласының тұрғыны - 29 қазанда ұсталған бес адамның бірі осы әйел болып шықты. Ол қылмысқа қатысы бар деген күдікке ілінді. Отырыс кезінде әйел жылап, өзі мен балалары үшін қорқатынын айтты. Алайда сот ол бостандықта қылмысқа қатысушылармен байланыса алады деп есептеп, оны қамауда қалдырды.
Осы аптада ұсталғандардың ішінен бір адамға да айып тағылды. Ол тұтқындалып, қалғандары босатылды.

Осылайша, тонау туралы іс бойынша барлығы төрт адам қамауда. Оның ішінде - 34 жастағы Алжир азаматының ұрықтан кейін қашқан кезде пайдаланылған скутерден ДНҚ іздері табылған, сондай-ақ Париж маңынан келген 39 жастағы таксист бар.
Еске салсақ, 19 қазандағы тонау соңғы жылдардағы ең үлкен қылмыстардың бірі. Төрт қарақшы Аполлон галереясының терезелерін электр арамен ашып, императрица Евгения мен басқа да патшалардың әшекейлерін алып, скутермен қашып кетті. Ең таңқаларлығы – осының бәрін олар жеті минут ішінде істеп үлгерген.

Ұрланған асыл заттар әлі күнге дейін табылған жоқ. Залал 88 миллион евроға бағаланды.
Париж прокуроры Лор Бекко олар тым әйгілі болғандықтан құндылықтарды сату мүмкін емес деп мәлімдеді. Сонымен қатар ол ұрланған затты өз еркімен қайтаруға шақырды. Дегенмен, ұрылар ондаған миллион еуроға құнды заттарды астыртын сатуға тырысып жатыр.
Жаңалықтар
- Министр: Тұрғын үй бағасының зейнетақы жинағына қатысы жоқ
- Әскерде зорландым деп ақша жинаған адам сотталды
- Енді темекі шегетіндер өкпе обырына тегін тексеріле алады
- Тамыздан бастап Қазақстанда не өзгереді: Жүргізуші куәлігі, жаңа сайлау
- Махамбет Өтемісов атындағы университеттің ректоры ұсталды деген ақпарат тарады
- Дастан Сәтпаев «Челси» сапында дебют жасады
- 31 жастағы ер адам 74 жастағы әйелді пышақтап өлтірді
- Астанада өз бетінше автобус жуып жүрген жігіттің әрекеті мемге айналды
- Нұрай Серікбайдың ісі: Сот алқабилерсіз өтуі мүмкін, жәбірленуші тарап тікелей эфир талап етті
- Жаңа талап: Жүргізуші куәлігін жарамсыз етуге қандай негіз бар?
- Қорапқа салып берді: Жаңа туған үшем Алматы облысындағы ауруханада шетінеп кетті
- Қазақстан қорықтарында 19 орман өрті тұтанды
- Трамп Канададан келетін тауарларға 50 пайыздық баж салығын енгізді
- Тоқаев Испания құрамасын футболдан әлем біріншілігіндегі жарқын жеңісімен құттықтады
- ӘЧ-2026: Испандар жеңісі үшін гауһар тасты 30 алтын жүзік алады
- Павлодар облысында құдыққа түскен алты адам қаза тапты: Марқұмдардың ең жасы 16 жаста
- Әлем чемпионаты – 2026: Турнирдің үздіктері анықталды
- Месси мен Роналду дәуірі аяқталды: 2026 жылғы әлем чемпионаты несімен есте қалды?
- Ескертуге қарамастан КҚК теңіз терминалындағы мұнай танкеріне тағы шабуыл жасалды
- Венесуэладағы жер сілкінісі құрбандарының саны бес мыңнан асты