Cұқ көзден таса: Ұрлықтан кейін Лувр қазынасы Франция Банкінің астына жасырылды
Фото: Әлеуметтік желіден
Парижде қылмыскерлер жеті минут ішінде 88 миллион еуроға жуық бағалы заттарды тонап, Лувр қазынасын үптеп кеткеннен кейін мұражай басшылығы қалған бағалы заттарды жер астына жасырды, деп хабарлайды Orda.kz BILD-ке сілтеме жасай отырып.
Коллекцияның бір бөлігі, соның ішінде Аполлон галереясының әшекейлері 26 метр тереңдікте орналасқан Франция Банкінің қоймасына тоғытылды. Дәл осы жерде елдегі алтын қорының 90% жуығы бар екені белгілі. Сондай-ақ, осы қоймада Леонардо да Винчидің бірегей жазбалары бар. Олар 600 миллион евродан астамға бағаланады.
Экспонаттарды тасымалдау кезінде теңдессіз қауіпсіздік шарасы қолданылды. Жасырын бункерге қандай асыл заттарды апарғаны құпия.
Луврға шабуыл 20 қазан күні таңертең болды. Қарулы және бет аузын бүркемелеген төрт қарақшы бейнебақылаудың «өлі аймағында» орналасқан шыны есік арқылы мұражайға кірген. Жеті минут ішінде олар көтергіш, әйнек кескіш және бензинді араның көмегімен сөрелерді ашып, қалаған заттарын тонап, мотороллерлермен қашып кетті.
Бұл оқиға Луврдың қауіпсіздік жүйесіне қатысты маңызды сұрақ туғызды: ұзындығы 1,3 шақырым болатын сыртқы периметрде бес камера бар, олардың көпшілігі жұмыс істемейтін болып шықты. Қылмыскерлер әлі ұсталмаған, оқиғаға орай француз полициясы Израильден мамандар тартты. Мұражай қызметкерлерінің бірі күдікке ұшырады.
Бұған дейін Францияда Луврды тонау бейнелері жарияланған болатын. Билік бұл қылмысты ұйымдасқан қылмысты топ жасағанын айтады. Президент Эммануэль Макрон барлық қымбат бағалы заттарды қайтаруға уәде берді.
Париждегі Лувр мұражайындағы тонау ісі тергеліп жатыр. Ұрылар әлі ұсталмады. Полиция жаңа деректерді жариялады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық