Ғалымдар Каспий теңізі таяздана түседі деп болжайды
1985 жылдан бері Каспий теңізінің деңгейі үш метрге төмендеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Дүниежүзілік мұхиттар күніне орай өткен баспасөз конференциясында РФ Ғылым академиясы П.П.Ширшов атындағы океанология институтының директоры міндетін уақытша атқарушы Владимир Шевченко Каспий теңізі деңгейінің төмендеуі 2025 жылы да жалғасатынын мәлімдеді. Оның айтуынша, теңіз бетінің булануы алдағы 25 жыл бойы жалғасуы мүмкін.
Таязданудың негізгі себептері табиғи сипатта: өзен ағынының азаюы және буланудың күшеюі. Климаттың өзгеруі мен орташа жылдық температураның жоғарылауына байланысты теңіз бетінің булануы арта береді.
«Қазір Каспий теңізінде ғалымдар зерттеу жүргізіп жатыр, олар ғарыштық бақылау мен модельдеуге сүйенеді. Ал бұл мәліметтерді растау үшін қажет шағын ғылыми экспедициялар жалғасатын болады», – деді Владимир Шевченко
П.П.Ширшов атындағы океанология институтының қазақстандық ғалымдармен бірлескен келесі экспедициясы 17 маусымда өтеді.
Мұхиттанушы ғалым атап өткендей, бұл – теңіздің таяздануы емес, су деңгейінің төмендеуі. Каспийді Аралмен салыстыруға болмайды, себебі Арал теңізін құртып жіберген адам баласының әрекеті.
Жақында тревел-блогер Нүркен Тәжібай Каспий теңізі деңгейінің әр жылдардағы өзгерісін көрнекі түрде көрсеткен болатын.
Біз былтыр Каспий теңізінің 2 метрге тартылғанын хабарладық. Үкімет оны тереңдетуге мемлекет 42 млрд теңге жұмсауды жоспарлады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық