Каспий теңізі тоқтаусыз тартылып жатыр
Фото: freepik.com
Каспий теңізі 2 метрге тартылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Каспий суының тартылуы салдарынан оның тұздылығы артты. Теңіз түбінде қысым азайып, улы газдар шығуы мүмкін. Ал бұл Каспийдің өсімдігі мен жануарларына зиян. Тәуелсіз экологтар теңіз суының нақты тартылу себебін анықтап, оның әсері қандай болатынын шұғыл түрде зерттеу қажет деп дабыл қағып жатыр.
«Біз теңіздің қасында тұратын болғасын көріп тұрмыз, бірақ соңғы 3-4 жылда теңіз тез тартылып бара жатыр. Себебі, мына жердің бәрі су болған. 2021 жылы түсірген фотом бар тастың үстінде тұрған. Сол қазір қарап отырсаң суы 1 метрге төмендеді. Су тез-тез тартылып бара жатыр. Соған алаңдап отырмыз», - дейді Ақтау қаласының тұрғыны.
Мамандардың айтуынша, теңіз тоқтамай тартыла берсе, тұз концентрациясы көбейеді екен. Бұл оның флорасы мен фаунасына зиян. Экологтар сондықтан толыққанды ғылыми зерттеу жүргізіп, Каспийдің маңайындағы елдермен келісе отырып, теңізді сақтап қалу қажеттігін айтуда.
«Каспийге құйылып жатқан судың 80 пайызы Еділден келіп жатыр. Еділден құйылатын су азайғаны анық. Себебі Ресей тарапынан көп мөлшерде су пайдаланатын қондырғылар құрылып, жұмыс істеп жатыр екен. Сондықтан ол жерде Ресей мен Қазақстан жалпы 5 мемлекет арасында келісімшарт жасалып, осындай кедергілерді болдырмау керек деп ойлаймын», - дейді тәуелсіз эколог.
«Қазгидромет» кәсіпорыны Каспий теңізінің гидрометеорологиялық зерттеулер басқармасының мәліметінше, Каспий – 2006 жылдан бері шамамен 2 метрге төмендеген.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық