G7 құрамындағы елдер Ресейге қарсы санкцияларды күшейтіп, Украинаға көмекті арттырмақшы
Фото: x.com/G7
«Үлкен жетілік» елдерінің көшбасшылары Эвиан-ле-Бен қаласында өткен саммитте Ресейдің мұнай-газ секторына қарсы жаңа санкциялар енгізуге келісті, деп хабарлайды Orda.kz Deutsche Welle агенттігіне сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, бұл туралы G7 лидерлерінің 17 маусымға қараған түні жарияланған қорытынды мәлімдемесінде айтылған.
Сонымен қатар «жетілік» елдері Украинаға қолдаудың өзгермейтінін мәлімдеді.
«Біз өз еркіндігі, егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғап жатқан Украинаға деген берік қолдауымызда біртұтаспыз» деп жазылған мәлімдемеде.
Құжатта Украина халқының сыни инфрақұрылым нысандары мен мәдени мұраларға жасалған шабуылдардан зардап шегіп отырғаны айтылып, оларға ынтымақтастық білдірілген. Сондай-ақ соңғы айларда Украина қол жеткізген әскери табыстар мен елдің төзімділігі жоғары бағаланған.
Әскери және энергетикалық қолдау күшейеді. Көшбасшылар қазіргі «жаңа динамиканы» қолдау және күшейту мақсатында Украинаға әуе қорғаныс жүйелерін, тосқауыл қою құралдарын, алыс қашықтыққа арналған қару-жарақ пен басқа да әскери техникаларды жеткізуді арттыруға келісті.
Бұдан бөлек, Украина аумағында әскери өнім өндіру көлемін арттыруға мүмкіндік беретін лицензиялар беру мәселесі де қарастырылмақ. Сондай-ақ G7 елдері Украинаға алдағы қыс мезгілінен өту үшін энергетикалық салада қолдау көрсетуді жалғастыруға уағдаласты.
Айта кетейік, «Үлкен жетілікке» Германия, АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Италия, Жапония және Канада кіреді.
Бұған дейін Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путин және Украина басшысы Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлескені хабарланған болатын. Сонымен қатар Трамп G7 саммиті аясындағы жұмыс кестесіне байланысты рәсімге өзі де қатысуы мүмкін екенін айтқан еді.
Ақ үй басшысы Украинадағы әскери қақтығысты тоқтатуды қолдайтынын тағы да мәлімдеп, қажет болған жағдайда еуропалық серіктестер мен Киевке ықпал етуге дайын екенін айтқан.
«Біз Ресейдің әскери экономикасына қысымды күшейтуге міндеттенеміз. Осыған байланысты мұнай-газ секторына қарсы шараларды қоса алғанда, санкцияларды күшейтеміз» деп жазылған құжатта.
Сонымен қатар сарапшылар жаңа санкциялар енгізу үшін қазіргі кезең қолайлы екенін айтып жатыр. Себебі Трамп Иранмен Ормуз бұғазы арқылы мұнай мен газ тасымалдауға қатысты келісімге келген. Бұл әлемдік энергия нарығына әсер ететін маңызды фактор саналады.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық