«Футболымызды көрсетеміз»: «Қайратқа» қарсы ойнайтын Шотландиялық «Селтик» баспасөз мәслихатын өткізді
Фото: Orda.kz
Шотландиялық «Селтик» командасы ертең Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінің плей-офф ойынында «Қайрат» футбол клубына қарсы ойнайды. Ойынның алдында құрама баспасөз мәслихатын өткізді, деп хабарлайды Orda.kz.
Жиынға бас бапкер Брендан Роджерс пен қорғаушы Лиам Скейлз қатысты. Журналистер бас бапкерден Глазгода «Қайратты» осал қарсылас ретінде көрген-көрмегендерін сұрады.
«Біз жақтан менсінбеу деген болмады. Біз бәріне бірдей дайындаламыз әрі қарсыласты сыйлаймыз. Әрбір ойыншы үшін Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде ойнау маңызды. Сондықтан біз ертең алаңда өз футболымызды көрсетуіміз керек. Біз үшін келесі кезеңге өтуге керемет мүмкіндік бар»,– деді Роджерс.
Сонымен қатар, Брендан Роджерс Дастан Сәтпаевқа қатысты өзінің пікірін айтты.
«Дастан жақсы ойыншы әрі оны «Челсидің» өкілдері де қарап отырғаны анық. Дегенмен де футбол ол топтық ойын. Сондықтан «Қайрат» командасында басқа да жақсы ойыншылар бар. Сол үшін айтарым, біз жеке ойыншыға емес, жалпы «Қайратқа» қарсы дайындалдық», — деді Роджерс.
Айта кетейік, Сәтпаев бұл кездесуге дисквалификацияға байланысты қатыспайды. Алғашқы матч Глазгода 0:0 есебімен аяқталған еді.
Бұған дейін «Қайрат» ФК бас бапкері Рафаэль Уразбахтин мен жартылай қорғаушы, команда капитаны Әділет Садыбеков ертең өтетін ойынға қатысты баспасөз мәслихатын өткізді.
Бас бапкерден командадағы кадрлық мәселелерді қалай шешкенін сұрадық. Ол: «ертеңгі ойынға сақадай саймыз» деп жауап берді.
«Иә, өкінішке қарай, кадр мәселелері бар. Қатыспайтын ойыншылардың ойында орындары ойсырайтыны анық. Дегенмен, олардың орнын басатын ойыншыларға өздерін көрсетуге мүмкіндік туады деп үміттенеміз. Ал нақты кіммен алмастыруға болатынын біз қазірдің өзінде анықтап қойдық», – деді Уразбахтин.
Сонымен қатар, бұл ойында команданың жас жұлдызы Дастан Сәтпаев алаңға шықпайды. Бапкердің айтуынша, Сәтпаев сары қағаз алып, ойыннан шеттетілген соң екі күн ешкіммен сөйлеспей қойған екен.
«Дастан осы жолғы ойынға қатыспайтынына қатты уайымдады. Менің естуімше, ол тіпті екі күн бойы ешкіммен сөйлеспеген. Біз өз тарапымыздан оны барынша қолдап жатырмыз. Ол әлі жас ойыншы, түрлі жағдайлар болуы мүмкін. Сондықтан бұл оның кезекті тәжірибесі деп қараймыз. Әрине, Сәтпаевтың осы ойынға қатыспайтыны біз үшін үлкен шығын», – деді бас бапкер.
Сондай-ақ, баспасөз мәслихатында Брендан Роджерс футболшыларға ыстық ауа-райы мен уақыт белдеуі сылтау бола алмайтынын айтты.
«Біздің назарымыз тек футболда. Ойынды өз бақылауымызда ұстаумыз керек. «Қайраттың» Глазгодағы ойынын көрдік, ұзақ жолды да еңсерді. Сондықтан біз де дайын болуымыз керек. Ыстық ауа райы да да, уақыт айырмашылығы да бізге сылтау емес, – деді Роджерс.
Еске сала кетейік, жауапты ойын ертең 26 тамызда Алматыда Қазақстан уақытымен 21:45-те өтеді. Алғаш рет Алматыда Чемпиондар лигасының әнұраны шырқалады. Бұл жергілікті футбол үшін және жанкүйерлер үшін маңызды оқиға болғалы тұр.
Orda.kz жауапты матчқа қатысып, тікелей ақпарат таратады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық