Футболды дамыту мәселесіне тоқталды: Тоқаев Халықаралық падел федерациясының басшыларымен кездесті
Фото: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық падел федерациясының (FIP) президенті Луиджи Карраро және Premier Padel кәсіби турының төрағасы Нассер Бен Ганим Әл-Хелаифимен кездесті, деп хабарлайды Orda.kz.
Кездесу кезінде Қазақстанда падел спортын дамыту мүмкіндіктері талқыланды. Қазір елімізде 1,5 мыңнан астам ойыншыны біріктіретін қауымдастық жұмыс істейді және 16 облыста өңірлік федерациялар құрылған. Тоқаев мемлекет бұқаралық спортты дамыту мен заманауи спорт инфрақұрылымын қалыптастыруға ерекше көңіл бөліп отырғанын атап өтті.
Қазіргі кезде елімізде падел ойынына арналған 17 корт бар екен.
Мемлекет басшысының айтуынша, 2027 жылы Алматы қаласында халықаралық талаптарға сай келетін, 10 корты бар ADD PADEL ARENA спорт кешенін ашу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, Президент футболды дамыту мәселесіне де тоқталды. Ол Қазақстанда футбол клубтарын жекешелендіру және бәсекелі орта қалыптастыру бағытында жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы УЕФА Атқарушы комитетінің мүшесі әрі «Пари Сен-Жермен» клубының акционері Нассер Әл-Хелаифиге футболды дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.
Айта кетейік, президент Қасым-Жомарт Тоқаев 11-12 қарашада Ресей Федерациясына мемлекеттік сапармен барады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық