Францияда Белла дауылының салдарынан 12 мың үй жарықсыз қалды

cover

Дауыл 27 желтоқсанда Франция, Бельгия және Ұлыбритания жағалауларында соққан. Бұл туралы DW хабарлады.

Францияның солтүстік бөлігінде электр тарату жұмысы тоқтатылған. Қазір Enedis мамандары ақаулармен жұмыс істеп жатыр.

https://www.youtube.com/watch?v=QX8297smwyo&feature=emb_title

Метеорологтардың айтуынша, Францияда дауылдың салдарынан ауа-райы қаупінің соңғы деңгейі сақталады. Оны елдің бес департаментіне енгізді.

Уэльсте 30 мың үй электр қуатынан айырылды. Мұнда электрмен қамтамасыз ету жұмысы дереу қалпына келтірілді. Сонымен қатар, Уэльсте теміржол қатынасы да бұзылды.

Синоптиктер желдің жылдамдығы сағатына 80-100 шақырымға жетуі мүмкін деп ескертеді.

https://www.youtube.com/watch?v=SZvsQgdK4YE&feature=emb_title

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар