Фермерлер ақбөкендерді апатқа себепкер деп санайды: Экология министрлігі олардың саны реттелетінін мәлімдеді
Фото: Ольга Ибраева. Orda.kz
Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Батыс Қазақстан облысының фермерлерімен кездесті. Олар ақбөкендердің кесірінен туындаған апатты жағдай туралы айтып берді, деп хабарлайды Orda.kz.
Батыс Қазақстан облысының шаруалары дабыл қағуда: ақбөкендер егістік алқаптарын таптап, мал жайылымсыз қалуда, жануарлар санының шектен тыс өсуі аграрлық қызметті тоқтату қаупін тудырып отыр. Диқандардың айтуынша, бұл — жай ғана табиғи құбылыс емес, бұл — жүйелі дағдарыс. Кейбір аудандарда тапталған өнім мен жайылымнан келген залал жүздеген миллион теңгеге жеткен. Фермерлер салған қаржысынан, мал азығынан, малдан және өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүмкіндігінен айырылуда.
«Біз жыл сайын өнімсіз қаламыз, орасан зор шығынға ұшырап жатырмыз. Бұл жай ғана жануарлар мәселесі емес — бұл азық-түлік қауіпсіздігі, шағын фермерлердің өмір сүруі және тұрақтылық мәселесі. Егер нақты шаралар қабылданбаса, бүтін шаруашылық жойылады», – деді «Жебе» шаруа қожалығының жетекшісі Қайрат Зұлқашев.
ECO Club ЖШС директоры Бекжан Сабанов бұл мәселені кейінге қалдыруға болмайтынын айтты:
«Ақбөкендердің саны соншалықты өсіп кетті, енді бұл ауыл шаруашылығына тікелей қауіп төндіріп отыр. Бүкіл әлемде жабайы табиғат пен шаруашылық мүдделері қақтығысын болдырмау үшін популяциялар реттеліп отырады. Мысалы, Аустралияда кенгуру санын қадағалайды. Бізге енді талқылау емес — нақты шаралар қажет».
Осыған байланысты Ерлан Нысанбаев ақбөкендер саны реттелетінін мәлімдеді. Экология министрлігінің хабарлауынша, бұл шешім ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігіне қарасты Зоология институты ғалымдарының биологиялық негіздемесіне сүйене отырып қабылданған. Сондай-ақ Аустралия, Финляндия, Канада, АҚШ, ОАР және басқа елдердің жабайы жануарлар популяциясын тұрақты басқару тәжірибесі ескерілген.
«Ғылыми тұжырымдарға, фермерлердің ұсыныстарына және халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, ақбөкендер санын реттеу туралы шешім қабылданды», – деді министр.
Ғылыми ұстанымын биология ғылымдарының докторы, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ проректоры Әлжан Шамшидин түсіндірді:
«Біз жануарлар санының шектен тыс артқанын тіркеп отырмыз, мұндай тығыздықта жануарлар да, адамдар да зардап шегеді. Санына реттеу жүргізу — бұл түрді жою емес, экожүйені оның тұрақтылығы үшін басқару, әрі бұл өркениетті елдерде қолданылатын ғылыми негізделген құрал».
2025 жылғы есеп бойынша, Қазақстанда ақбөкендер саны 3,9 миллион басқа жетті. Бұл 1974 жылы тіркелген тарихи шектен (1,2 млн) үш есе жоғары. Тек Батыс Қазақстан облысының өзінде 2,3 миллионнан астам ақбөкен бар.
Экология және табиғи ресурстар министрлігі ақбөкендерді іріктеп реттеу жүргізуді жоспарлап отыр. Бұл жұмысты «Охотзоопром» РМКК жүзеге асырады. Жануарларды іріктеу халықаралық табиғатты қорғау келісімдеріне сай ғылыми негізге сүйене отырып жүргізіледі.
Зардап шеккен өңірлердің әкімдіктері ауыл шаруашылығы және экология министрліктерімен бірлесіп, эпизоотиялық мониторинг, қабылдау және өңдеу пункттерінің дайындығын, сондай-ақ ветеринарлық-санитарлық талаптарды сақтай отырып қосымша шараларды қамтамасыз етеді.
Батыс Қазақстан облысының Қазталов ауданында Сарыөзен өзенінен өлі киіктердің денелерін тазарту жұмыстары жүргізілгені туралы бұған дейін жазғанбыз.
«Киіктерді қырғандар босатылады да Мәсімов пен есірткі жасырғыштар — шықпайды: жаппай амнистия кімдерге қатысты?» атты тілшіміздің зерттеу мақаласын мына жерден оқи аласыз.
Жаңалықтар
- Ұрланған жәдігер көп жылдардан кейін Мысырға қайтарылды
- Нұрлан Сабуров мәлімдеме жасады
- Криштиану Роналду «Әл-Насрдағы» жағдайға көңілі толмай, Лиссабонның «Спортинг» клубына кете ме?
- АҚШ Украинадағы соғысты жазға дейін аяқтауды келіспек — Зеленский
- Нипах вирусы Үндістан аумағынан асты: Бангладеште алғашқы жағдай тіркелді
- Миландағы Олимпиадаға қарсы наразылықтар полициямен қақтығысқа ұласты
- 2026 жылы қандай спорт нысандары салынады: «Медеу» жөнделіп жатыр
- Қазақстандағы Starlink жүйесі қаншалықты дайын?
- Алматыда Avtobys электронды жолақы төлеу жүйесі іске қосылады
- Алматыда салмағы 730 грамм нәресте дүниеге келді
- Жапонияда мерзімінен бұрын сайлау: Алғашқы әйел премьер Санаэ Такаитидің бәсі өте ме?
- Испаниядағы бокс турнирінде Қазақстан құрамасы 12 медаль жеңіп алды
- Аман Бақытжан Париждегі Grand Slam турнирінің жүлдегері атанды
- Алексей Щербаков Нұрлан Сабуровты қолдауға келді ме?
- Олимпиада-2026: 8 ақпандағы жарыс кестесі
- Президент үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізеді
- СҚО-дағы тас жолда жүргізуші мен жолаушы тірідей жанып кетті
- «Бурабай» балалар спорт мектебінде жүргізілген аудит 6,3 млн теңгенің заңбұзушылығын анықтады
- Алматыда қазақ қыздарын қорлаған екі шетелдік қамалды
- Нора Джеруто Қытайда өткен Азия чемпионатында Қазақстанға «алтын» әкелді