Астанада әзілкеш Ғалым Қалиақпаровтың концерті тоқтатылды
Фото: instagram.com/galymkaliakbarov
Елордадағы Carlin мекемесінде стендап-комик Ғалым Қалиақпаровтың концерті тоқтатылды. Іс-шараны ұйымдастырушылар профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін полицияға жеткізілді, деп хабарлайды Orda.kz.
Оқиға туралы ақпаратты NewsRoom99 Telegram-арнасы таратты.
Куәгерлердің айтуынша, өнер көрсету кезінде сахнаға азаматтық киімдегі ер адам шығып, концерттің «заңсыз» екенін мәлімдеген.
«Неліктен заңсыз екені сұралғанда, бірнеше рет пікірталас болды. Кейін әлгі ер адам комиктің «балағат сөз айтып жатқанын» айтты. Көрермендер одан мұны дәлелдейтін құжат немесе басқа да дәлел көрсетуін сұрады, алайда ештеңе көрсетілген жоқ. Ал комик болса, концерт үшін төлеген ақшаны қайтармайтынын әзілдеп, «10 күннен кейін кездесуді» ұсынды» деп жазылған Telegram-арнада.
Жағдайға Астана қаласы Есіл ауданының әкімдігі түсініктеме берді.
Ведомствоның мәліметінше, 19 тамызда аталған мекемеде мәдени-бұқаралық іс-шара шынымен өткізілген. Алайда ұйымдастырушылар іс-шараны өткізу туралы заңда көзделген 10 күн бұрын міндетті хабарламаны жолдамаған. Осыған байланысты іс-шара ресми түрде келісілмеген.
«Бұл рәсім жай ғана формальды талап емес, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды шарты. Алдын ала хабарлау төтенше жағдай туындаған кезде келушілердің өмірі мен денсаулығын қорғау үшін қажет болса, жедел қызметтердің жұмысын дер кезінде үйлестіруге мүмкіндік береді. Әкімдік өкілдері заң талаптарын және келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібін түсіндіру үшін оқиға орнына барды. Алайда ұйымдастырушылар қызметкерлердің мекеме аумағына кіруіне кедергі келтірді», деп хабарлады аудан әкімдігі.
Осыған байланысты іс-шара ұйымдастырушылары Есіл ауданының полиция басқармасына жеткізілді. Оларға заң талаптары мен келісілмеген бұқаралық іс-шара өткізудің ықтимал қауіптері жан-жақты түсіндірілгеннен кейін босатылды.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық