Еуропа саясаткерлері мигранттарды Қазақстан мен Өзбекстанға депортациялауды ұсынды
Фото: initiative-quorum.org
ЕО елдері мигранттарды депортациялау үшін экстерриториялық лагерьлер салуды жоспарлап отыр. Ықтимал орындардың қатарында Қазақстан мен Өзбекстан да аталды, деп хабарлайды Orda.kz Politico басылымына сілтеме жасап.
Германия, Нидерланд, Австрия, Дания және Грекия министрлері «қайтару орталықтарын», яғни Еуроодақтан тыс орналасқан лагерьлер құру идеясын талқылады. Бұл орталықтарға баспана беру туралы өтініштері қабылданбаған адамдар жіберілмек.
Politico мәліметінше, аталған елдер жыл соңына дейін «нақты қадамдарға» көшуді жоспарлап отыр және 8–10 мемлекетті ықтимал серіктес ретінде қарастыруда. Серіктес елдерге инвестиция мен визалық режимді жеңілдету ұсынылады. Ықтимал кандидаттар қатарында Қазақстан мен Өзбекстан аталғанымен, әзірге ешбір елмен ресми келісім жасалмаған.
Астанада өткен брифингте босқындарды орналастыру орталықтарына қатысты сұраққа ҚР СІМ халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы Ерлан Жетібаев мұндай келіссөздер жүргізілмегенін айтты.
«Біз ЕО-мен азаматтарымыз үшін визалық талаптарды жеңілдету бойынша келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Егер азамат өз елінен заңсыз шыққан болса, біз оны өз еліне қайтару үшін барынша күш саламыз», — деді ол.
Еске салайық, ақпан айында Қазақстан парламенті Австриямен заңсыз мигранттарды реадмиссиялау және транзиттеу туралы келісімді ратификациялаған болатын. Ал бір ай бұрын Франциямен жасалған ұқсас келісім күшіне енді. Бұл келісімдер қайтару мен транзит тәртібін реттейді, бірақ ЕО-дан тыс лагерьлер құруды қарастырмайды.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық