Еліміздің жәрмеңкелерінде бір күнде 200 тоннаға жуық сиыр еті сатылды
Фото: gov.kz
Баға диапазоны бір келі ет үшін 2400-ден 3700 теңгеге дейін өзгеріп тұр деп жауапты ведомство есеп бергенімен, негізінен кей жерлерде сиыр етінің бағасы 4000-нан жылқы еті 5000 мың теңгеден асып кеткені рас, деп хабарлайды Orda.kz.
Еліміздің жұртшылығы 20 қыркүйекте өткен ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінде 195 тоннадан астам сиыр етін сатып алды, деп хабарлайды ҚР Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі.
«Еліміз бойынша 47 ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтті, онда қазақстандықтарға отандық өндірушілерден түрлі жаңа өнімдер ұсынылды, соның ішінде 195 тоннадан астам сиыр еті бар. Бұл жәрмеңке сұраныстың жоғары деңгейін тағы да көрсетті. Сиыр етін сату көлемі бойынша Қостанай облысы көш бастады. Өңірдің жәрмеңкелерінде рекордтық көлемдегі 83 тонна ет сатылды. Елордада 61 тонна, Абай облысында 19 тонна сатылды. Сиыр етінің бағасы бір келіге 2400-ден 3700 теңгеге дейін өзгерді, ең төмен баға Қызылорда облысында: 2400-2500 теңге болды», деп хабарлады ведомство.
Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанова жәрмеңкелер өндірушілер үшін де, тұтынушылар үшін де сұранысты алаң болып қалатынын атап өтті.
«Бұл жерде тұрғындар азық-түлікті тікелей өндірушілерден сатып ала алады, бұл 10-15% -ға арзан. Жыл соңына дейін еліміздің барлық өңірлерінде 1300-ден астам жәрмеңке өткізу жоспарланған, бұл халыққа қыс маусымына дейін тиімді бағамен азық-түлік сатып алуға мүмкіндік береді», - деді ол.
Сиыр етінің бағасының едәуір қымбаттағаны туралы көктемнен бастап айтыла бастады, шілденің соңына қарай еттің осы түрінің құны келісіне 5000 теңгеге жетті.
Тамыздың аяғында Ауыл шаруашылығы министрлігі сиыр етінің құны тұрақты болып қалатынын мәлімдеді, бірақ әлемдік бағалардың да рекорд жаңартып жатқаны тағы бар.
20 қыркүйекте Ауыл шаруашылығы министрлігі мәселе бар екенін мойындап, баға неден құралатынын тәптіштеп түсіндіруге тырысты.
Осы орайда айта кетсек, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасына жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша, Шымкент қаласында жыл басынан бері 200-ден астам кәсіпкер жауапқа тартылды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық