«Ескі уақытты қайтарыңыздар»: құрылысшылар біріңғай уақыт белдеуіне қарсы шықты
Фото: Pixabay
Тағы бір саланың жұмысшылары e-petition порталында бұрынғы уақытты қайтаруды талап етіп, кезекті петиция жариялады, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл жолғы өтініш берушілер - құрылыс саласының өкілдері, олар жаңа уақытқа көшу жұмыс сапасына, қызметкерлердің денсаулығына және компаниялардың шығыстарына әсер ететінін мәлімдеді.
Олардың пікірінше, уақытты ауыстыру туралы шешімді «кабинеттерде отырған адамдар» қабылдаған, ал салдары нақты жұмыс істейтіндерге түсті.
Құрылыс-монтаждау жұмыстарын бақылаудың нашарлауы, инженерлік және қасбеттік шешімдердің сапасының төмендеуі, күндізгі жарықтың жетіспеушілігінен материалдарды қабылдаудағы қиындықтар мәселесі ушығып барады.
Құрылысшылар электр энергиясын тұтынудың өсуі мен биоритмдердің істен шығуын жеке атап өтеді: жұмысшылар әдеттегіден ерте шаршайды, бұл өнімділікті тікелей төмендетеді. Мұның бәрі салаға ғана емес, жалпы өңірлік өнімге де әсер етеді.
Қазақстан UTC+5 бірыңғай уақытына 2024 жылдың 1 наурызында көшті. Содан бері барлық қазақстандықтар өзгерістерге бейімделе қойған жоқ. Жақында Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары ескі уақыт белдеуін қайтару туралы талаптарын қайта көтере бастады. Қазір Өскемен мен Риддерде сағат 15:00 қараңғы түседі.
Еске салсақ, былтыр Министрлер кабинеті 1 наурыздан Қазақстандағы уақытты біртұтас уақыт белдеуіне көшіруді мақұлдады. Сол укздің өзінде он миллион адам бұл шешімге қарсы болды.
2024 жылдың мамыр айында-ақ бірыңғай уақыт белдеуін жою туралы петицияға 37 мың адам қол қойды.
Сол кезде Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарының біртұтас уақытқа көшуге деген наразылығына қатысты пікір білдірді.
Бұл мәселеге тіпті ел президенті араласып, Бурабайда өткен IV Ұлттық құрылтайында Қасым-Жомарт Тоқаев бірыңғай уақыт белдеуіне көшуге қатысты арнайы зерттеулер жүргізілгенін мәлімдеді.
Дегенмен содан бері нақты жұмыс істейтін адамдар мен көптеген сала қызметкерлері біріңғай уақыттың жұмыс барысында керісінше тиімсіз әсері көп екенін айтып, қарсылық білдіріп, уақытты кері қайтарудан әлі де үміт үзген жоқ. Оның нақты экономикалық себептеріне үкімет кабинет терезесінен қарамай, жағдайға үңіліп, нақты шешім қабылдайды деген халықтың сенімі басым.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық