Есірткі таратқандардың жазасы жеңіл болмақ
Фото: Fotokto.ru
Мәжіліс есірткіге қатысты заң бұзушылықтарды реттеуге бағытталған заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады. Енді есірткі таратқаны үшін жаза жеңілдетіліп, ал өндіргені үшін қатаңдатылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Қабылданған өзгерістерге сәйкес, есірткіні сақтау, тасымалдау немесе сатқаны үшін жазалар жеңілдетілсе, есірткі өндіру мен қайта өңдеу бойынша жаза күшейтілді. Енді есірткі сақтағаны және тасымалдағаны үшін берілетін жаза 5-8 жыл аралығына қысқартылды, бұрын 5-10 жыл болған. Ірі көлемдегі есірткімен ұсталғандарға жаза мерзімі 6-10 жыл аралығында белгіленді, бұрын 6-12 жыл болған.
Ал есірткі өндірумен, қайта өңдеумен немесе сату мақсатында заңсыз жасаумен айналысқандарға 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады. Егер бұл қылмыстарды лауазымды тұлғалар жасаған болса, жаза тіпті қатаң, өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейін қарастырылған.
Еске сала кетейік, жақында ғана, Ринат Балғабаевтың «Закладки» деректі фильмінде есірткі таратқаны үшін сотталғандар жазаны жеңілдетуді сұраған болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық