Марқұм Шерзаттың әкесі Қаржаубай адвокаттардан бас тартты
Фото: dalanews.kz
18 наурызда Айтбек Амангелді баспасөз-конференциясында Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовтың адвокаттардан бас тартқанын айтты, деп хабарлады Orda.kz.
Айтбек Амангелді бір күн бұрын Шерзаттың туыстарымен кездескенін айтты. Кездесуде Шерзаттың әжесі Гүлбар және белгісіз бір әйел болған.
Адвокаттар сот жақындағандықтан, жәбірленушілерді жауап алуға дайындау керек деп шешкен. Дәл сол кезде Қаржаубай Нұрымовтың адвокаттардан бас тартқаны туралы жаңалықты естіген.
«Осы кездесуден кейін екі сағаттан соң маған Қаржаубай хабарласты. Ол біздің адвокаттардың бәрінен сенімхаттарын қайтарып алатынын айтты. Басқа адвокаттарды таппақшы. Біз бұл әрекетке реакция білдірмедік, себебі Қаржаубайдың мінезін білеміз. Не болатынын көреміз. Кейінгі күндері белгілі болған ақпараттарға қарағанда, іске бес жаңа адвокат кіріседі. Біз үшін негізгі сұрақ – бұдан кейін не болатыны», – деді ол.
Адвокат осы уақытқа дейін істелген жұмыстың осылай аяқталғанына реніш білдіріп, бірлесіп жұмыс істеген әріптес адвокаттарына алғыс білдірді. Сонымен қатар 60 томнан тұратын қылмыстық істі оқып шығуға аз уақыт, аз күш кетпегенін де айтты.
«Қаржаубайдан себебін сұрағанымызда «бұл телефонмен айтыланын әңгіме емес, ертең кездесіп барлығын айтып беремін» деп қысқа қайырды. Қаржаубай 15 тәулік уақытша ұстау изоляторынан шыққан кезде ешкіммен сөйлескісі келмейтінін айтқан болатын. Біз де отбасының жанында болып өз-өзіне келіп алсын деп уақыт берген болатынбыз. 18 қаңтардан кейін Қаржаубайды бүгін көрдік. Қазіргі таңда Қаржаубайдың отбасымен білікті психологтар жұмыс жасап жатыр. Алдағы уақытта бұл істі кім алса да сәттілік тілейміз», - деп жауап берді Айтбек Амангелді.
16 жастағы Шерзаттың өліміне қатысты тергеу ақпан айының соңында аяқталған. Ресми органдар істі өткен аптаның соңына дейін сотқа жібереміз деп мәлімдеді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық