«Ер адамның жыныс мүшесін ұстау сауап»: Азаматша медреседегі ұстаз жайлы сұмдық оқиғаны айтты
Фото: Бейнежазбадан кадр
Хиджабын шешіп, дінге қатысты батыл көзқарасын ашық айтып жүрген Фатима Байбақты бір сұхбатында медреседегі сұмдық жағдайды айтты. Оның айтуынша, медреседе 70-жастағы ер адам «ер адамның жыныс мүшесін ұстау сауап екенін» айтқан. Сонымен қатар ол медреседе тоқал болуды құптап, қыздарды жақсы әйел болуға, мойынсұнуға үйрететінін де айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
Фатима Байбақты өзінің діни отбасында дүниеге келгенін, солардың қысымымен хиджаб кигенін, қазіргі көзқарасына отбасының қарсы екенін ашық айтып берді. Күйеуінің осы көзқарасына бола қол көтергенін, содан маңдайы жарылғанын да баяндап берді. Ол жол бойы күйеуінің түрлі манипуляция жасап, полицияға арыз жазбауға көндіргенін, бір жағынан 9 баласы болған соң, аурухана келгенде «өзім құладым» деп айтқанын да жасырмады.
Оның сөзінше, медреседегі 70 жастан асқан, сабақ беретін «ұстаз» оған ер адамның жыныс мүшесін ұстау сауап екенін айтқан.
«70-тен асқан кісі еді. 18 жасымда мені «бөлмеме кел» деп шақырып алды. «Ұстаз» деп сыйлап жүрміз ғой. Насихат жүргізіп. Сол медреседе сабақ береді. Имам емес, ұстаз, сабақ беретін. Сөйтіп бардым, сөйлесіп отырып бір кезде айтты: «Сен білесің бе? Қандай сауап жинау керек екенін» деді. Біз енді сауапты білеміз. Күнделікті медреседе сауап деп жаңағы «құран оқысаң сауап, намаз оқысаң сауап, садақа берсең сауап, қажылыққа барсаң сауап» дейді ғой. «Әйел адамның ер адамның жыныс мүшесін ұстаса, мынанша сауап» деп айтты. Менің есімде сан қалған жоқ. Біреуі 300 сауап, біреуі екі жүз бірдеңе сауап» дегендей»,деді Фатима Байбақты.
Фатима «ұстаз» болған ер адамның сондай сыйлы азамат екенін, қасындағы қыздар сол кезде оның айтқанына сенбегенін де атап өтті.
«Сол кезде менің көзім ашылды. 18-демін. 70-тен асқан үлкен кісі осыны айтып тұрса, біз оны «ұстаз» деп жүрсек. Осы кісі осылай айтса, түкіргенім бар дедім барлығына. Одан кейін «ер адам әйел адамның емшегін ұстаса, осынша сауап болады» деді. Сосын ернінен сүйсе мынанша сауап, мойнынан сүйсе мынанша сауап, бір-бірінің қолынан ұстаса мынанша сауап» деді. «Әйел адам ер адамның жыныс мүшесін, тағы да басқа жерлерін ұстаса, осынша сауап»... Мен ана жерде білмеймін, басымнан біреу ыстық су құйып жібергендей болды», деді Фатима Байбақты.
Ол 4 сынып қана оқып, 12 жасынан бастап хиджаб киген. Ал медресеге оқуға келгенде тек арғы дүние жайлы айтылғанын, тозақпен қорқытып, түрлі дәрістер оқытылғанын айтты. Алайда сұхбатында ол қай қаладағы медресе екенін ашып айтпады.
Еске сала кетсек, биыл сәуір айында Ақтауда хиджаб киген қызды зорламақ болған жігіт ұсталып, халық оның «жазасын» берген еді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық