Ақтауда хиджаб киген қызды зорламақ болған ер адамды халықтың өзі «жазалады»
Фото: бейнеден кадр
Ақтауда хиджаб киген қызды зорламақ болған жігіт ұсталып, халық «жазасын берді», деп хабарлайды Orda.kz.
Бейнежазбаға зер салсақ күдікті мұрнынан қан кетіп жерде жатыр. Куәгерлердің айтуынша, оқиға 11 наурызда түнгі 2:50 болды. Көмек сұраған айқайды естіп, көшедегі адамдар дереу барып, күдіктіні ұстап, полицияға тапсырды.
«Хиджаб киген қызды зорламақ болып, ұрып-соғып, естен таңдырып. Өзі қашып бара жатқанда ұсталды»,
дейді бейнежазба авторы.
Оқиға орнына полиция дереу жетіп, патруль қызметкері таяқ жеген ер адамды тергей бастады. Маңғыстау облысының полиция департаменті 11 наурызда оқиғаның Ақтау қаласындағы жағалауда болғанын растады.
«Бейнемазмұндағы зорлық-зомбылық әрекеті бойынша 11 наурызда қылмыстық іс қозғалды», деп хабарлады Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Күдіктіні полиция ұстап, тергеу изоляторына қамады. Қазір бұл істің тергеуі аяқталып, прокурор арқылы сотқа айыптау қорытындысы жолданды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық