Енді әлеуметтік бағадағы өнім болмайды - Жұманғарин
Сурет ашық дереккөзден
Әлеуметтік бағадағы өнімдерді АӘК бойынша төлемдерге ауыстыру жоспарлануда. Бұл туралы Қостанай облысындағы кәсіпкерлермен кездесуінде ҚР Сауда және интеграция министрі мәлімдеді.
«Наша газета» басылымының хабарлауынша, 29 қазанда Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Тобылда Қостанай облысының кәсіпкерлерімен кездесті. Онда ол 1 қаңтардан бастап дүкендерде әлеуметтік бағадағы өнімдер болмайтынын айтты. Оның орнына мемлекет ақшаны аз қамтылған азаматтарға бағыттауды жоспарлап отыр.
— Жаңа жылдан бастап саясат аздап өзгереді. Біз бәрін қолдамайтын шығармыз. Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын белгілеу туралы айтқанда, атаулы көмек туралы айтылады. Ең алдымен, бұл өмірде қиындықтарға тап болғандарға арналуы керек. Біздің деректеріміз бойынша, бізде 19,5 миллион адамның 1 миллионға жуығы АӘК алатындар. Қолдау шаралары соларға бағытталуы керек. Ал біз барлығына қолдау көрсете отырып, өз өндірушілерімізді қиын жағдайда қалдырдық, - деді министр.
Оның айтуынша, Қазақстан «әлеуметтік әмиян» деп аталатын жүйені енгізуді жоспарлап отыр. Бұл жоба қазірдің өзінде Қазақстанның үш облысында пилоттық режимде іске қосылды, 1 қаңтардан бастап ол бүкіл республика бойынша жүзеге асады. Мемлекет нақты көмекке мұқтаждарды анықтайды деп болжануда. Содан кейін мұндай адамдар алатын көмек түрлері туралы SMS хабарлама алады.
— SMS хабарамада: «Сізге АӘК аясында мынандай сома мысалы, 30 000 теңге аударылды. Оның ішінде азық-түлік сатып алуға 15 000 теңге» деп жазылады. Әрі қарай, бала тууы бойынша жәрдемақыны есептеу туралы хабарлама болады. Жоғарыда жалпы сома көрсетілген. Сондай-ақ ақшалай емес қолдау шаралары болады. Сіз мемлекеттік тегін медициналық көмек аясында дәрігерге бардыңыз делік, әлеуметтік әмияныңызда дәрігердің рецепті бойынша дәрі-дәрмек сатып алуға жолдама алдыңыз. Немесе баланың мектепте тамақтануына жолдама, - деді Жұманғарин.
Ал, министрдің айтуынша, бұл мемлекет азық-түлік бағасын шектеуді тоқтатады деген сөз емес. Оның айтуынша, мониторинг жалғасады, бірақ баға белгілеу болмайды. Министрдің есебі бойынша, бір адамға тұтыну шегінде өзін азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін шамамен 43 мың теңге қажет. Ал ондай «әл-ауқаты» жоқтарға мемлекет көмегіне уәде берілді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық