Жүрегіне пышақ тыққан: 300 мың теңге бопсалаудан басталған жанжал кісі өлімімен аяқталды
Фото: Orda.kz
Ақтөбеде жастар арасындағы жаппай төбелес кезінде 32 адам жәбірленуші деп танылды. Қазіргі уақытта 10 адам қамауда отыр. Олар оқ атып, жәбірленушілерді көлікпен қуалап, қағып кеткен. Бір адам пышақ жарақатынан қаза тапты, деп хабарлайды Orda.kz.
Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына 77 томдық қылмыстық іс бірнеше бап бойынша түсті. Айыпталушыларға Қылмыстық кодекстің:
- 194-бабының 2-бөлігі, 2-тармағы – «Адамдар тобымен қорқытып алу»,
- 28-бабының 3-бөлігі – 99-бабының 2-бөлігінің 1, 6, 7, 8, 9-тармақтары – «Екі немесе одан көп адамды қауіпті тәсілмен, қорқытып алумен ұштасқан, бұзақылық ниетпен өлтіру»,
- 99-бабының 2-бөлігінің 1, 5, 7, 9, 14-тармақтары – «Екі немесе одан көп адамды аса қатыгездікпен, адамдар тобымен, бұзақылық ниетпен, кәмелетке толмаған адамды өлтіру» баптары бойынша айып тағылып отыр.
Қанды оқиға 2024 жылдың мамыр айында Ақтөбе қаласында болған. Қала күнінен кейін жасөспірімдер екі топқа бөлініп, жаппай төбелес ұйымдастырған. Салдарынан 8 адам жараланып, бір адам көз жұмды.
Төбелес қалай басталды?
Айыптау актісіне сәйкес, 2024 жылдың 27 мамырында кәмелетке толмаған К. өзінің ағасы М.-ның үйіне барып, Тұңғыш Президент атындағы саябақта кәмелетке толмаған Н. есімді жасөспірім оны еш себепсіз соққыға жыққанын айтқан. Кейін олар TikTok желісі арқылы Н.-тің парақшасын, телефон нөмірін тауып, оған қоңырау шалып, сөзге келген. Сөйтіп, сол күні сағат 19:00 шамасында Ақтөбедегі Гришин көшесіндегі №1 орта мектептің ауласында кездесуге келіскен.
М. жанжалға қолдау сұрап, 20-дан астам танысына хабарласып, Бекқұл баба елді мекенінің жігіттерін көмекке шақырған. Ал Н. туған інісін Бозой елді мекенінің балалары кездесуге шақырып жатқанын біліп, сенімді достарына хабарласып, қарсы топты қорқытуға келіскен.
Алғашқы кездесу №1 орта мектептің ауласында өткен. Бірінші жақтан М. мен оның інісі, ал екінші жақтан Н. мен Қ. келген. Кәмелетке толмаған Н. мен М.-нің інісі арасындағы жанжалды сылтау етіп, айыпталушылар М.-тен 300 мың теңге немесе iPhone 13 телефонын талап еткен. Олай болмаған жағдайда күш қолданатындарын айтқан.
М. бұл талапқа келіспеген соң, Н. мен оның екі сыбайласы жиналған топтың көптігін көріп, қылмыстарын сол жерде жүзеге асыра алмайтынын түсінген. Сондықтан қарсыластарын мал базары маңындағы автотұраққа сағат 22:00-де кездесуге шақырған.
М. мен оның адамдары өздеріне жасалған қоқан-лоқыны елемей, белгіленген жерге бармақшы болған. Осылайша, екі тарап та төбелеске тыңғылықты дайындалған.
Қару қолданылған түн
28 мамыр күні сағат 00:28-де бірнеше көлік мал базары маңындағы автотұраққа келеді. Сол сәтте С. өз көлігіндегі мылтықты М.-ға оқтап береді. М. қаруланып, қарсы топқа қарай ыңғайлы жерге орналасады.
Түнгі 23:00 шамасында Бозой ауылының жігіттері келіп жетеді. Екі топ бір-біріне қарсы шығып, тағы да 300 мың теңге мен iPhone 13 телефонын талап еткен. Алайда екінші тарап бұған келіспейді.
Сол кезде Қ. белгі беріп, М.-ға атуға бұйрық береді. М. қарсыластарына оқ атып, бірнеше адамды жаралайды. Адамдар жан-жаққа қаша бастағанда, С. мен оның сыбайластары Бозой ауылының жігіттерін көлікпен қағады.
Б. қасақана кісі өлтіру мақсатында қарсы топтың адамдарын көлікпен қуған.
Жәбірленуші Т. қашып барып, жүк көлігіне сүйеніп тұрған сәтте Н. мен оның достары оған тап берген. Н. Т.-ны жүрек тұсынан пышақтап, жәбірленуші сол жерде қаза тапты.
Сот барысында жәбірленушілердің, айыпталушылардың жауабы тыңдалып, сараптама қорытындылары жарияланды.
Автор: Ардақ Ерубаева
Жаңалықтар
- Иранда жаңа жоғарғы көшбасшы таңдалды, бірақ аты аталған жоқ
- Біріккен Араб Әмірліктері Иранға алғашқы соққысын жасады
- Иранда жоғарғы көшбасшы бойынша консенсус жарияланды
- Елена Рыбакина WTA 1000 турнирін жеңіспен бастады
- АҚШ Венесуэла билігін ресми түрде мойындады
- Қазақстандық файтер UFC-де алғашқы жеңісіне қол жеткізді
- Тоқаев қазақстандық әйелдерді мерекесімен құттықтады
- Трамптың қаупі мен Ормуз бұғазындағы шабуыл: Соңғы жаңалықтар
- Екі жыл ішінде елімізде балаларды қорғауға қатысты 11 заң қабылданды
- Масуд Пезешкиан: Әдейі арандатушылық болмаса, көрші елдерге шабуыл жасамаймыз
- «Бүгін Иранға өте қуатты соққы жасалады» — Трамп
- Қазақстанда Отбасы омбудсмені институты енгізіледі
- Дубай әуежайы қауіпсіздік қатеріне байланысты жұмысын уақытша тоқтатты
- СҚО-дағы тас жолда екі жүк көлігі соқтығысып, жүргізушінің бірі қаза тапты
- Кәсіби боксшы Мадияр Әшкеевтің АҚШ-тағы үйі өртеніп кетті
- 4700-ден астам қазақстандық елге оралды
- 7–9 наурызда Таяу Шығыстан келетін эвакуациялық рейстер
- Италияда XIV қысқы Паралимпиада ойындары ашылды
- СІМ шиеленіс жағдайында Таяу Шығысқа саяхатты азайтуды ескертті
- Трамп Иран басшылығын толық ауыстыруды қолдайтынын айтты