Елшілік Түркияда жүрген Қазақстан азаматтарына үндеу жолдады
Фото: primeminister.kz
Стамбұл мэрінің тұтқындалуы мен қала көшелеріндегі тәртіпсіздіктің күшеюі салдарынан Республика елшілігі азаматтарымызға ескерту жасады, деп хабарлайды Orda.kz.
Қазақстандықтардан адамдар көп жиналатын жерлерге барудан бас тарту, шерулер мен митингілерге қатысудан бас тарту, сондай-ақ күшейтілген қауіпсіздік шараларын сақтау сұралды.
«Қырағылық пен сақтық танытыңыздар, жаңалықтарды бақылап, биліктің ұсыныстарын қабыл алыңыздар, сондай-ақ Қазақстанның Түркиядағы дипломатиялық өкілдіктерімен тұрақты байланыста болыңыздар» деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ қазақстандықтарға әлеуметтік желілерде демонстрациялар мен митингілер туралы қандай да бір ақпаратты таратпау және болып жатқан оқиғаларға қатысты өз пікірлерін жарияламау ұсынылды.
Қазақстанның Түркиядағы шетелдік мекемелерінің жедел желілерінің телефондары:
• Анкарадағы ҚР Елшілігі +905352734496.
• ҚР Стамбұлдағы Бас консулдығы +905012621465.
• ҚР Анталиядағы Бас консулдығы +905394400522.
• Измирдегі ҚР Бас консулдығы +905530998789.
Бүгін 23 наурызда Стамбұл қылмыстық соты Стамбұл қаласының мэрі Экрем Имамоглуды қамауға алды. Оның абақтыда қанша мерзім болатыны әзірге белгісіз.
Оның 19 наурызда тұтқындалуы жаппай наразылық акцияларын тудырды. Демалыс күндері билік қауіпсіздік шараларын күшейтті, бірақ митингілер жалғасып жатыр.
Түркияда Стамбұл мэрі Экрем Имамоглу мен оның серіктестерінің ұсталуына қарсы жалғасып жатқан жаппай наразылықтар салдарынан Стамбұл биржасының индексі жылдам төмеп кетті.
Еске салсақ, Түркияда президент Режеп Тайып Ердоғанның басты оппозициялық қарсыласы Стамбұл мэрі Экрем Имамоғлу ұсталғаннан кейін жаппай наразылықтар басталған болатын.
Жаңалықтар
- Трамп ирандықтармен кездесу барысында тағы құбылып, делегация жібермейтін болды
- Бекіре балығы мен уылдырығын сатып алғандар да жазаланады
- Алматы көшесінде қолының қаны сорғалап жүрген адам жұрттың зәресін алды
- Еш жерде жұмыс істемей, жұртты бопсалап, уыс-уыс ақша шашып жүргендер сотталды
- Қазақ поэзиясының нәзік лирикасы — Күләш Ахметованың туғанына 80 жыл
- Филиппиннің экс-президенті 76 адамды өлтіруге қатысы бар деп айыпталды
- Танысын балталап өлтіріп, мәйітін кереуеттің астына тығып қойған әйелге үкім шықты
- Тоқаев «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына қатысып, ағаш отырғызды
- Макрон Еуропаны «оянуға» шақырып, Ресей, Қытай мен АҚШ қарсылығын еске салды
- Ату жазасы АҚШ-та өлім жазасын орындау тәсілі ретінде қайта енгізілді
- Абай облысында жүргізушіге ескерту жасаған шекарашыны ұрып кетті
- Ақ үй Уиткофф пен Кушнердің Пәкістанға бет алғанын растады
- Талдықорғанда асханада болған жанжал әйел өлімімен аяқталды
- Алматының арықтары нөсер жаңбырды ағыза алмайды, әкімдік не дейді?
- Түркістан облысында турнирге бара жатқан балалар жолда опат болды
- Алматыда оқушы мектепке балта көтеріп келіп, оны адамдарға қарсы қолданбақ болған
- Астанада автобуста жолаушы ана мен балаға тап беріп, балағаттады
- Лобода мен Қайрат Нұртас бірлесіп трек жазды
- Бұрынғы Оңтүстік Корея президентіне 30 жыл түрме жазасы сұралды — БАҚ
- 52 адамның пойызда уланғанына байланысты көлік министрі жаңа ақпарат берді