Еліміздің айбыны — азаматтар туралы қызықты деректер
Фото: Ашық дереккөзден
7 мамырда Қазақстан Отан қорғаушылар күнін атап өтеді. Бұл күн ұлттық Қарулы Күштерді құрумен байланысты және мемлекеттің қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етудегі жетістіктеріміз — ер-азаматтарымыздың арқасында екені ақиқат.
Қазақстан армиясының қазіргі тарихын санау 1992 жылғы 7 мамырда Ұлттық Қарулы Күштерді құру туралы Жарлыққа қол қойылған кезден басталды. Бұл мемлекеттік тәуелсіздікті нығайтудағы негізгі қадамдардың бірі.
Осы сәттен бастап аумақтық тұтастықты қорғауға және iшкi тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағдарланған меншiктi қорғаныс құрылымын қалыптастыру басталды. Армияны дамыту әскери оқу орындарын құрумен, әскерлердің жаңа түрлерін қалыптастырумен және қазіргі заманғы даярлық стандарттарын енгізумен қатар жүрді.
Қазақстанда Отан қорғаушылар мерекесінің қоғамда ауқымы кең. Осы орайда қазақстандық азаматтарға қатысты кейбір қызықты деректерді назарларыңызға ұсындық.
2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанда 10 044 673 ер адам бар, бұл әйелдермен салыстырғанда 0,45 млн адамға аз. Алайда бұл айырмашылық біртіндеп қысқарып келеді. Тәуелсіздік жылдарындағы ең жоғары деңгей 2013 жылы тіркеліп, сол кезде әйелдер санының басымдығы шамамен 0,6 млн адамға жеткен. Қазір, керісінше халық құрылымында ерлер үлесі өсіп жатыр, қазіргі таңда ол шамамен 49%-ға жақындап, теңесіп қалды.
2025 жылы елімізде 172,5 мың ұл бала дүниеге келген. Жаңа туған сәбилерге қойылған ең танымал ер балалар есімдері — Мұхаммед, Әлихан, Айсұлтан, Омар, Алдияр екен. Жалпы алғанда бұл есімдер 12,1 мың балаға берілген. Ал сирек қойылған ер есімдер қатарында Төре-Нұрым, Абд Аль-Алим, Милош, Мұхаммед Аңсари сияқты есімдерді атауға болады — олардың әрқайсысы өткен жылы тек бір балаға ғана берілген.
Орташа есеппен ер адам әйелге қарағанда 3,2 жасқа жас, бұл 2025 жылдың басындағы соңғы ресми деректерден белгілі. Сонымен қатар, уақыт өте келе әйел мен еркек арасындағы орташа жасы өсіп келеді. Соңғы 25 жылда ерлердің орташа жасы 2,1 жылға, ал әйелдердің жасы 2,2 жылға артқан.
2025 жылы ерлердің алғашқы некеге тұруының орташа жасы 27,9 жас болған. Бұл көрсеткіш бір жыл бұрынғы деңгейде сақталған. Салыстырмалы түрде қыздар сәл ертерек, орта есеппен 25,3 жаста тұрмыс құрады (+0,1 жыл).
Қазақстанда бір үй шаруашылығына орта есеппен 1,5 ер адамнан келеді, ал әйелдер — 1,8. Бір үй шаруашылығындағы ерлер саны әйелдерден көп болатын жалғыз өңір Түркістан облысы, мұнда 2,7 ер адамға 2,5 әйел адамнан келеді.
2025 жылғы іріктемелі зерттеу деректеріне сәйкес (1,64 млн жалдамалы қызметкер қамтылған), ерлер әйелдерге қарағанда зиянды еңбек жағдайларында төрт есе көп жұмыс істейді — 316,1 мың адамға қарсы 80,4 мың. Сонымен қатар, ауыр дене еңбегімен айналысатын ерлер саны 83,2 мың.
Сонымен қатар 2025 жылы мемлекеттік бюджеттен қорғаныс саласына 1,32 трлн теңге жұмсалды. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 4,3%-ға аз. Аталған шығын жалпы мемлекеттік бюджет шығыстарының 4%-ы болады.
2026 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша қорғанысқа жұмсалатын шығындар 1,53 трлн теңге көлемінде жоспарланған, жалпы шығындар құрылымындағы үлесі өзгеріссіз, 4% деңгейінде қалды.
Ер азаматтар ең көп шоғырланған өңірлер:
- Алматы қаласы - 1,1 млн;
- Түркістан облысы - 1,1 млн;
- Алматы облысы - 806,5 мың;
- Астана қаласы - 785,4 мың.
Ерлердің орташа жасы - 31,1 жас, мүмкін болатын өмір сүру ұзақтығы - 72,19 жыл.
2025 жыл бойынша жұмыспен қамтылған халық арасындағы ерлердің үлесі - 51,6% (4,8 млн ер адам). Жалдамалы жұмысшылар арасындағы үлесі - 50,6%. Өз бетінше жұмыспен қамтылғандар арасындағы үлес - 55,1%.
Сала бойынша жұмыспен қамтылған ерлердің үлесі:
- Өнеркәсіп - 16,5%;
- Көтерме сауда - 14%;
- Ауыл шаруашылығы - 12,4%;
- Көлік және қоймалау - 11,1%;
- Жеке кәсіпкерлер арасындағы ерлердің үлесі - 54,7%.
Ең көп жұмыспен қамтылған ерлер 35-44 жас аралығында - 1,4 млн адам екен.
Қазақстанда ер адамдардың орташа өмір сүру ұзақтығы әйелдерге қарағанда төмен — шамамен 67–70 жас аралығында. Елдегі ер адамдардың басым бөлігі техникалық, құрылыс, көлік және күштік құрылымдар саласында жұмыс істеуге тырысады. Қазақ еркектері арасында көкпар, қазақша күрес, аңшылық және ат спортына қызығушылық әлі де жоғары.
Статистика бойынша, қазақстандық ер адамдардың көбі көлік жүргізуді ерте жастан үйренеді. Қазақ қоғамында ер адамды отбасының тірегі әрі жауапты тұлға ретінде қабылдау дәстүрі мықты сақталған.
Соңғы жылдары Қазақстан ерлері арасында IT, бизнес және блогинг саласына қызығушылық айтарлықтай артқан. Қазақстанда әкелердің бала тәрбиесіне араласуы бұрынғыға қарағанда көбейіп келеді. Ер адамдар арасында футбол ең танымал спорт түрлерінің бірі болып танылған.
Қазақ жігіттері арасында домбыра тарту мен ұлттық мәдениетке қызығушылық қайта жанданып келеді.
Қазақстанда ер адамдардың көпшілігі шайды қою етіп ішкенді ұнатады, әсіресе сүтті шай кең таралған.
Қазақ ерлері арасында қан тазалығын сақтау мақсатында — ру мен жеті атаны білу дәстүрі әлі күнге дейін маңызды саналады.
Елдегі барлық жүргізуші куәлігінің шамамен 70%-дан астамы ер адамдарға тиесілі. Қазақстанда ер адамдардың көбі 25–35 жас аралығында алғашқы баспанасын алуға тырысады.
Ауылдық жерлерде ер азаматтардың көпшілігі көлік жөндеу мен мал шаруашылығын бала кезден меңгереді. Қазақстандық ерлер арасында бокс ерекше танымал, елден көптеген әлем чемпиондары шыққан.
Қазақ мәдениетінде ер адамның қонақ күткендегі асқа, оған сойылатын малға жауап беруі мәртебе саналады. Қазақстанда ер адамдар арасында ең жиі кездесетін хоббилердің бірі — балық аулау.
Көптеген қазақ жігіттері бала күнінен атқа мінуді үйренеді, әсіресе ауылдық өңірлерде.
Қазақ қоғамында «ер жігіттің үш жұрты бар» деген ұғым әлі күнге дейін маңызды мәдени түсінік болып есептеледі. Соңғы жылдары қазақстандық ерлер арасында бариста, аспаз және сән индустриясына қызығушылық өсіп келеді.
Қазақстанның жігіттері — кең даланың мінезін бойына сіңірген, намыс пен сабырды қатар ұстай білетін жандар. Олар қиындыққа мойымайтын қайсарлығымен, отбасы мен жақындарына деген жауапкершілігімен ерекшеленеді.
Қазақ жігітінің мықтылығы — тек күшінде емес, сөзінде тұруында, уәдеге берік болуында. Ол үнсіз жүріп үлкен іс тындыра алады, ауыртпалықты білдірмей көтереді. Қонақ келсе — төрін ұсынады, жақыны қиналса соңына дейін жанынан табылады.
Қазақ жігіттеріне тән тағы бір қасиет — намыс. Олар еліне, жеріне, отбасына қатысты дүниеге бейжай қарамайды. Көп жағдайда сезімін ашық көрсетпесе де, ішкі жанашырлығы мен қамқорлығы терең болады.
Домбыраның үнін түсінетін, аттың жалында өскен рух әлі де қазақ жігіттерінің болмысынан сезіледі. Олар еңбекқор, төзімді әрі қандай жағдайда да тірек болуға тырысады. Нағыз қазақ жігіті — дауыс көтермей сыйлата алатын, қарапайымдылығымен құрметке ие болатын азамат.
Әрбір жігіт осындай ата-бабаның қанымен берілген қасиетті бойына сіңірген нағыз азамат болсын!
Мереке құтты болсын, Отан мен отбасының қорғандары!
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- Астанада іске қосылардан бұрын LRT жүйесінің қалай жұмыс істейтіні таныстырылды
- Қордайда полиция қызметкерлерін қорлаған адамға айыппұл салынды
- Кәрім Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы Азамат Қапенов қазақстандықтарға мәлімдеме арнады
- Каспий таязданды, итбалықтар қырылды. Себебі неде?
- Алматы хантавирус жұқтырудың ықтимал жағдайларына дайын — СЭБД
- «Қазмырыш» зауытындағы жарылыстан зардап шеккен адам ауруханада қайтыс болды
- Елдегі экономикалық қылмыс жасағандар «масқара тақтасына» ілінеді
- Құлауға шақ қалған мұнара: Самарқандтағы Ұлықбек медресесін қазақтар бұзған ба?
- НАТО-ның экс-бас хатшысы АҚШ-сыз жаңа демократиялық одақ құруға шақырды
- Шамалғандағы мектепте жасөспірім мұғалімді ұрып тастады
- Шымкентте колонияда жатып бюджеттен 1,3 миллиард қаражат жымқырған әйел әшкере болды
- 2027 жылы Астанада үстел теннисінен Әлем чемпионаты өтеді
- Ким Чен Ын өзі қайтыс болған жағдайда ядролық соққы жасауды заңдастырды
- Көкшетауда көлікпен әйелді жаншып өткен оқиғаға қатысты екі қылмыстық іс қозғалды
- Алматыда бір тәулік ішінде рекордтық жауын жауды
- Тоқаев: Ядролық қарусыздану мен жаппай қырып-жоятын қаруды таратпауда күш біріктіру маңызды
- ҚР СІМ: Түркияда қазақ тапқан велосипедші Қырғызстан азаматы
- Нетаньяху Ормуз бұғазы жағдайын дұрыс бағаламағандарын мойындады
- Францияда хантавирус індетін жұқтырған алғашқы жағдай белгілі болды
- Түркияда велосипед мінген қазақстандықты такси қағып, қаза тапты