Еліміздегі жаңа лауазым: вице-президенттің өкілеттік ауқымы айқындалады
Фото: gov.kz
Қазақстанда жүргізіліп жатқан конституциялық реформа аясында вице-президент мәртебесі мен өкілеттіктерін айқындау ұсынылып отыр, деп хабарлайды Orda.kz Конституциялық соттың баспасөз қызметіне сілтеп.
«Вице-президентті тағайындау президенттің ұсынысы бойынша Құрылтай депутаттарының жалпы саны көпшілік даусымен келісім алу арқылы жүзеге асады. Вице-президентті қызметтен босату президенттің өкілеттігіне жатады», – деді Конституциялық комиссия мүшесі, президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаев.
Ұсынылып отырған өзгеріске сәйкес, вице-президент президенттің тапсырмасы бойынша халықаралық қатынастарда Қазақстан Республикасының мүддесін білдіреді, сондай-ақ мемлекет басшысы атынан Құрылтаймен, Үкіметпен және өзге де мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды.
Сонымен қатар вице-президент президент атынан Қазақстанның және шет мемлекеттердің қоғамдық-саяси, ғылыми әрі мәдени-ағартушылық ұйымдарымен байланыс орнатады. Оның өзге де өкілеттіктерін президент өзі айқындайды.
Вице-президент институтын енгізілсе Конституциядан мемлекеттік кеңесшіге қатысты нормаларды алып тастау жоспарланып отыр. Сондай-ақ осы лауазымға үміткерге қойылатын талаптарды конституциялық деңгейде бекіту ұсынылады.
Атап айтқанда, вице-президент өкілді органның депутаты болмауы, өзге де ақы төленетін қызмет атқармауы немесе кәсіпкерлікпен айналыспауы тиіс. Өкілеттігін жүзеге асыру кезеңінде ол саяси партияның мүшесі болмауы қажет.
Ержан Жиенбаев мұндай тәсіл саяси бәсекелестікті арттыруға және барлық партиялардың дамуы үшін тең жағдай қамтамасыз етуге бағытталған саясатқа толық сәйкес келетінін атап өтті.
Еске салсақ, биылғы 20 қаңтарда Қызылордада өткен Құрылтайда президент өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылса сайлау екі ай ішінде өткізілетіні, сонымен қатар вице-президент лауазымы енгізілетіні туралы Тоқаев айтқан болатын.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- Алматы көшесін «жасанды интеллектпен тазалай салған» қызметкер жұмыстан кетті
- Әл-Фарабидегі апат: Пактың «100 QR 02» жалған нөміріне қатысты іс тоқтатылды
- Алматыда жүргізуші бес адамды қағып, тағы бір көлікке соғылды
- Президент Берік Уәлиге «Абайға құрмет» акциясын лайықты деңгейде жүзеге асыруды тапсырды
- Дәрілерді бақылаусыз қолдану ұлттық қауіпсіздікке қатер: Антибиотик сату қатаңдайды
- Қызылорда облысындағы жұмбақ өлім: Құдықтан табылған 20 жастағы жігіттің өліміне оның 15 жастағы інісі күдікті болып шықты
- Талдықорғанда сарбаздың қазасына байланысты батальон командирінің орынбасары сотталды
- Мажарстанда жоғары лауазымды тұлғалардың жалақысы қысқарды
- Атышулы «Алтын Орда» базарындағы тексеру қорытындысы: Үстеме 85 пайыздан асып кеткен
- Атырау әкімінің орынбасары мен коммуналдық кәсіпорын басшысының орынбасары тергеуге ілікті
- «Нағыз апокалипсис»: Ақтөбе әр жаңбырдан кейін су астында қалады
- Сынған қабырғалары өкпесін тесіп өткен: 10 жасар бала кернеуі 6000 вольттық токқа түсті
- Үстіртте сирек кездесетін барыс фототұзаққа түсті
- Мұхтар Жәкішев шетелдік құдалықты сынағандарға жауап берді
- Алматыдағы Hilton қонақүйі жабылды: 170 қызметкер бір күнде жұмыссыз қалды
- Қашқадариядағы газ құю бекетіндегі жарылыс болып, алты адам тірідей жанып кетті
- Қытай ЖИ-ғалымдарын елден ешқайда шығармайтын болды
- Еліміздегі «Aманат» пен «Әділет» партиялары біріге ме?
- Алматыда гимназияның үздік оқушысы соңғы қоңырау алдында өзіне қол жұмсады
- Трамп Нетаньяхуға Иранмен соғыста жалғыз қалатынын ескертті