Еліміздегі республикалық киноқауымдастық кастинг өткізеді
Фото: Көрнекілік үшін
Бір уақытта елдің 19 қаласында киноактерлерге арналған ірі кастинг ұйымдастырылады, деп хабарлайды Orda.kz.
Қазақстан киносы күніне орай республикалық деңгейдегі үлкен кастинг өтеді.
15 қыркүйек күні сағат 11:00-ден 19:00-ге дейін мәдениет мекемелерінің базасында бір мезетте еліміздің 19 қаласында үміткерлерді іріктеу жүргізіледі.
Кастингке қатысуға 18 жастан бастап рұқсат етіледі.
«Актерлердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, мұндай жобаларға қатысу кәсіби кино жолының бастауы бола алады. Мысалы, «Ойынқұмар» фильмінде басты рөлді сомдаған Гөзел Жан, Канн фестивалінде «Айка» фильмі арқылы жүлде алған Самал Есләмова және « Адам және алма» фильмінде басты рөлде ойнаған Марат Әбішев – осындай кастингтерден өткен тұлғалар. Іріктеуден өткен үміткерлер Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының актерлер базасына енгізіледі және болашақ кино жобаларға қатыса алады», – деді орталық басқарма төрағасы Құрманбек Жұмағали.
Іріктелген кандидаттардың анкеталары www.kazakhcinema.kz ресми сайтында, актерлердің онлайн-базасы бөлімінде орналастырылады. Бұл база продюсерлер мен кинокомпаниялардың жаңа актерлерді табуына мүмкіндік береді.
Биыл елімізде «Алтын Орда» атты тарихи сериалдың түсірілімі басталатыны хабрланған болатын. Сериал Жошы ұлысының 800 жылдығына арналады.
Сондай-ақ, «Қазақфильм» киностудиясында «Қазақанимацияны» астыртын Астанаға көшіру жайлы дау туып, «Қазақфильм» аумағындағы жерлерді сату жайлы сыбыс тарағанын мына жерден оқыңыз.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық